- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 41,7 млрд теңгеге кәсіпкерлердің мүліктік құқығын қорғап қалды
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 41,7 млрд теңгеге кәсіпкерлердің мүліктік құқығын қорғап қалды
«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, Мемлекет басшысының аталған тапсырмасы аясында және Ұлт жоспары – бес институционалды реформаны жүзеге асыруға байланысты 100 қадамға сәйкес, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесті дамыту жөніндегі 10 басымдыққа ие қадамдар тұрғысында ұсыныстар әзірлегенін жеткізді. Осымен бірге, ҰКП, халықты жаппай бизнес негіздеріне оқытуға белсенді атсалысуға дайын. Үкімет қолдауымен екі қанатқақты жоба іске асырылды.
Бұл Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы «Bastau Бизнес» және «Bastau Кәсіп» жобалары болып отыр. Алдағы уақытта тиісті іс-қимылдар барлық өңірлерде атқарылады деп жоспарлануда.
«10 қадамның ауқымында және де өнімді жерсіндіру мен экспортқа шығуға жауап ретінде мемлекеттік қолдаудың есебінен ұзақ мерзімді тапсырыстар мен қажетті шараларды ұсыну арқылы бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру ұсынылуда», – деді Төралқа Төрағасы.
ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Н.Әлтаев айтқандай, 2013 жылдың қазан айынан бері Ұлттық палатаға 15430 өтініш түссе, 2016 жылы олардың саны 5419 арыз-шағымды құраған. «Атамекенде» бизнес өкілдерінен өтініш-тілектерді қабылдауға арналған онлайн-сервистер іске қосылып, прокуратура органдарымен өзара байланыс орнаған.
Ең көп өтініштер салық салу, жер заңнамасы, сатып алу және кәсіпкерлік саладағы дау-дамайларға қатысты болып отыр. Арыздардың 40 пайызын оң шешуге қол жеткізілген. Сәйкесінше кәсіпкерлердің 41,7 млрд теңге сомасындағы мүліктік құқығы қорғалып қалған.
Мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесі оңтайландырылып, жоспарлы тексеріс түрлері тоқтатылды, 3 тексеріс тәсілі енгізілді. Реттеуші әсер ету талдауын өткізу жайлы қағидат іске қосылды. Ендігі сәтте, жаңа рұқсат ету түрлерін енгізгенде немесе талаптарды қатаңдатқанда, мемлекеттік мекеме экономикалық есептеулер арқылы оның қажеттілігін дәлелдеуі тиіс», – деп хабарлады Нұржан Әлтаев.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы