Астанада ҚХА «Мың бала» жобасының жеңімпаздары марапатталды

8 Желтоқсан, 2016 12:16
Астанада Ұлттық академиялық кітапханада ҚХА «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттады. Шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып отыр.

Шараға ҚХА төрағасы Ералы Тоғжанов, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Мың бала» жобасының  қатысушылары, ҮЭҰ өкілдері мен меморган қызметкерлері қатысты.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының    «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының мақсаты басқа ұлт өкілдерінің қазақ тілін - мемлекеттік тілді үйренуіне бағытталған. Тәуелсіздіктің  25 жылдығында  жоба қарқынды дамуға ие болды, қатысушылардың қатары көбейе түсті. Жалпы,  2 жылда  1,5 млн бала  жобаны жүзеге асыруға қатысты. Жобаның мақсаты мемлекеттік тілді үйренуге негізделген.  Жоба  2 жыл ішінде  109 мың адамның басын қосты», - деді «Қоғамдық келісім» МРМ директоры Наталья Калашникова.

Спикер айтып өткендей, жобаның бірегейлігі қатысушылардың 56 пайызын  6-19 жастағы балалар құрайды, жобаның негізгі қатысушылары  славян және этномәдени орталықтың өкілдері болып табылады.

«Бұл мемлекеттік тілді меңгеруге құлшыныстың жоғары екенін көрсетеді. Конкурста  эссе  және бейнелер көрсетіледі. Бірінші кезеңде өңірлерде қатысушылар  тілді меңгеріп, номинант атанды, ал салтанатты шараға  үздік деп танылған 50 бала жетті», - деді Н.Калашникова.

Айта кетейік, жеңімпаздарды марапаттау «Тәуелсіздік – тірегім», «Асыл сөз» және «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздіктің тірегі» номинациясы бойынша өтті.

Айта кетейік,  2017 жылы «Мың бала» жобасы  ҚХА –ның негізгі жобаларының бірі атанады. 

Барлық жаңалықтар