- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбылдық сыртқы сауда айналымының көлемі 206,4 млн долларды құрады
Жамбылдық сыртқы сауда айналымының көлемі 206,4 млн долларды құрады
Оның берген ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері жеке кәсіпкерлердің, оның ішінде базарлардағы сатушылардың тауарларды өткізу айналымы 100,2 млрд. теңгені құрады.
Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 42,0%-ды құрады, азық-түлік емес тауарлар - 58%. Көтерме сауда тауар айналымы осы кезеңде 143,9 млрд. теңгені құрап отыр.
Тауарлар қоры бөлшек және көтерме саудада 2016 жылдың 1 қарашасына 19,8 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 9,1 млрд. теңгесі бөлшек сауда кәсіпорындарындағы тауар айналымының 46 күнін, көтерме саудада - 10,8 млрд. теңгені құрап, 43 күнді қамтыды.
Сондай-ақ Талғат Базарбайұлы брифинг барысында сыртқы сауда айналымына да тоқтала кетті. Кедендік статистиканың мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымының көлемі 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте 206,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылдың тиісті кезеңіне 33,1%-ға азайған.
Оның ішінде экспорт 46,6%-ға төмендеп, 53,2 млн. АҚШ доллары, импорт 26,7%-ға азайып, 153,1 млн. АҚШ доллары болған. Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты - 99,8 млн. АҚШ доллары.2016 жылғы қаңтар-тамызда облыстың ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 75,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 18,9%-ға азайды, оның ішінде экспорт 26,9 млн. АҚШ доллары, импорт - 48,3 млн. АҚШ доллары (21,3%-ға азайды).
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады