• Басты
  • Жаңалықтар
  • Өскеменде 2017 жылы жол инфрақұрылымын дамыту бойынша 18 жоба іске асырылады

Өскеменде 2017 жылы жол инфрақұрылымын дамыту бойынша 18 жоба іске асырылады

8 Желтоқсан, 2016 11:59
2017 жылы Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында облыстық орталықтың көшелерін кеңейту, жаңа жолдар, жаяу жүргіншілерге арналған көпір өткелдерін салу және көлік тораптарын қайта құру бойынша 18 жобаның іске асырылуы басталады, деп хабарлады өңір әкімдігі.

Өскеменде облыстық орталықтың көшелерін кеңейту, жаңа жолдар, жаяу жүргіншілерге арналған көпір өткелдерін салу және көлік тораптарын қайта құру бойынша жобалардың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Жобалардың көпшілігі бойынша сметалық құжаттама 2017 жылғы қаңтардың соңына дейін дайын болады. Жобаларды іске асыру үшін 9 млрд теңгеге жуық қаражат көзделеді. Бөлінетін қаражат шеңберінде 11 көшені қайта құру іске асырылады. Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілерге арналған 2 көпір өткелі салынады, қалада бірнеше аумақты қайта құру және абаттандыру жүргізіледі, екі магистральдың құрылысы жоспарланған.

Келесі жылы Өскемен қаласының көлік жүйесі өзгереді. Қала анағұрлым қолайлы болады. Барлық жобалар қаржыландырумен қамтамасыз етіледі. 

Барлық жаңалықтар