- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында алтын шығаратын фабрика салынады
Ақтөбе облысында алтын шығаратын фабрика салынады
«АltynEx Company» компаниясы 2015 жылғы қазаннан бастап Мұғалжар ауданының Алтынды кентінде «Юбилейное» алтын кен орнын қазады. Кәсіпорын жер асты тәсілімен жылына 300 мың тонна кен өндіреді.
«Қазіргі уақытта біз ашық тәсілмен құрамында алтын аз қамтылатын кенді игеруге көшуді жоспарлап отырмыз. 2017 жылға алтын шығаратын фабрика құрылысын жобалау және бастау жоспарланған», - деді кәсіпорынның өңірлік директоры Орман Түзелбаев.
Осы ретте құрылыс уақытында - 800 адамға дейін, ал пайдалануға берілгеннен кейін 700 адамға дейін жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Жобаның жалпы құны 100 млрд теңге. Нарық конъюнктурасы қолайлы болған кезде геологиялық-барлау жұмыстарына 5-7 млрд теңгеге дейін инвестициялау жоспарланып отыр.
«Бұдан бөлек, кәсіпорын халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша міндеттемені өзіне алды. Қазіргі уақытта Алтынды кентінде балабақша, жұмысшыларға арналған асхана салынған», - деп атап өтті О. Түзелбаев.
Жоба жаңа кәсіптерді жасауға, қазақстандық кадрларды оқыту мен біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Жобалық қуаттылығына шыққаннан кейін бюджетке жыл сайынғы аударымдар 2021 жылы 10 млрд теңгеге жуық құрайтын болады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Алтын Орда тарихы неге зерттелмеді