- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда жыл басынан бері 1,1 млрд доллар инвестиция тартылды
Алматыда жыл басынан бері 1,1 млрд доллар инвестиция тартылды
Кеңес құрамына халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік компаниялар ассоциацияларының, консалтингтік және заң жөніндегі компаниялардың 42 өкілдері, ірі шетелдік және қазақстандық кәсіпкерлер енді.
Жиын барысында әкімдіктің соңғы жылдары инвестиция тарту жөніндегі жұмысы қорытындыланды және оңтүстік астананың инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша ұсыныс- пікірлер айтылды.
Кәсіпкерлік және индустриалды- инновациялық даму басқармасының басшысы Алмас Мәдиев өзінің сөзінде «жалпы, Алматы қаласы бойынша үстіміздегі жылдың 11 айы ішінде негізгі капиталға инвестиция тарту 1,1 миллиард АҚШ долларын құрады» деді. Ол қаланың барлық салаларында 100 елдің 14 мыңнан астам шетелдік компанияларының жұмыс істеп жатқанын да сөз етті.
Кеңес мүшелері қалада инвестиция тарту үшін барлық қажетті жағдайлардың жасалып жатқандығын атап өтті. Кешенді шаралар барысында инвесициялық аухал да жақсара түскен. Соның арқасында, Алматыда халықаралық ұйымдардың, трансұлттық компаниялардың 60-тан астам офисі, банктердің негізгі офистерінің 90 пайызы орналасқан.
Каспий өңірі бойынша «Deloitte» компаниясының серіктес басқарушысы Марк Смит қаланың туристік потенциалының жоғары екендігін атап өтті. Ал бұл мегаполис экономикасына оң әсер ететіні белгілі.
«Алматыда дүкендерден сатып алуға болатын жоғары сапалы азық- түлік өнімдерін шығару ісі жақсы жолға қойылған. Мен осындай сауда орындарының бірінен әлемдік стандартқа сай жергілікті өнімді алғанымда таңданғаным рас. Бұл Алматыда агроөнеркәсіптік кешеннің өркен жайып келе жатқанын көрсетеді», - деді М.Смит.
Ресей мен Евразиядағы (CERBA) Канаданың іскерлік ассоциациясының өңірлік директоры Тасқын Қошман Канаданың іскерлік ассоциациясы Алматы қаласының әкімдігін Ванкувер қаласына бауырлас қалалар арасындағы іскерлік байланыс мәселесін талқылауға шақырды. Келер жылдың мамыр айында осы сапар аясында қоғамдық көлікті, туризмді, ақылды қаланы дамыту мәселелерінің талқыланатынын айтты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді