• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысында құны 14,1 млрд тенгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылады

Жамбыл облысында құны 14,1 млрд тенгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылады

8 Желтоқсан, 2016 09:56
Жамбыл облысында құны 14,1 млрд тенгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары Талғат Шалдарбеков мәлімдеді.

Оның  айтуынша, өңірдің экономикалық даму мәселелерін оң шешуде Индустриалды – инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы ерекше роль атқарады.

Жобаларды іске асыру барысында құрылыс жұмыстары кезеңінде 5830 және іске қосылу кезеңінде 5422 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Осы жобалардың ішінде, жалпы құны 35,1 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге асырылып, облыс тұрғындары үшін 660 жаңа жұмыс орындары пайда болды.

2016 жылдың желтоқсаның бірінші он күндігінде құны 14,1 млрд. тенгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылуы және 211 жаңа жұмыс орны ашылуы жоспарлануда.

"Казфосфат" "Минералды тыңайтқыштар" ЖШС Тараз филиалының - «ЭФК-1 экстракциондық фосфор қышқыл өндірісінің технологиялық жүйесін қайта жаңғырту 1 кезең» жобасы ҚР Инвестициялар және даму министрілігі Жалпыұтттық Телекөпірге тағайындады.

Қазіргі уақытта сынамалы бейне түсірілім өткізіледі және Жалпыұтттық Телекөпір бойынша, іс-шаралар жоспары жұмыстар жасауда.

Облысымызда «ЕвроХим - Тынайтқыш» ЖШС-нің қатысумен аса ірі, химиялық кластерді құрайтын, инвестиялық жоба жүзеге асуда.

 

Барлық жаңалықтар