- Басты
- Жаңалықтар
- Эрмитаж күндері ЭКСПО-2017 мәдени бағдарламасына енеді
Эрмитаж күндері ЭКСПО-2017 мәдени бағдарламасына енеді
Мәдениет және спор министрлігі хабарлағандай, кездесулердің барысында ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі аясында Астанада Эрмитаж күндерін өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.
ТМД мүше-мемлекеттерінің Үкіметаралық ассамблеяның 45-ші алқа отырысының жұмысына қатысу аясында Ақтоты Райымқұлова Ресей Федерациясы Мемлекеттік Эрмитажы бас директорының орынбасары Георгий Вилинбаховпен, сондай-ақ аты аңызға айналған ресей музейінің бас сақтаушысы-директор орынбасары Светлана Адаскинамен кездесті.
Әлемнің ең ірі көркемөнер музейлері бірінің өкілдерімен кездесу барысында ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі аясында Астанада Эрмитаж күндерін өткізу мәселесі талқыланды.
Светлана Адаскинамен әңгемелесу барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Астанадағы ЭКСПОның мәдени бағдарламасы аясында Эрмитаж көрмелерін ұйымдастыру Қазақстан және Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың дамуында тарихи оқиғаға айналатындығын айтып кетті.
«Эрмитаж – көрмелері әлемнің жүдеген залдарында орналасқан барша дүниежүзіне танымал өнер ордасы. Қазақстан елордасында өтетін халықаралық көрмеге Эрмитаждың қатысуы шара мәдени бағдарламасының негізгі оқиғаларының бірі болып, достас мемлекеттеріміздің рухани қарым-қатнастарының одан әрі күшеюіне септігін тигізетіндігіне сенімдімін», - деді Ақтоты Райымқұлова.
Өз кезегінде музейдің бас сақтаушысы Светлана Адаскина Эрмитаждың ЭКСПО-2017 бағдарламасына қатысу дайындығын растады. Сонымен қатар оның хабарлауынша, Қазақстанның әскери-тарихи музейімен бірлестікте Эрмитаж шығыс және батыс Еуропа қару-жарақтарының бірегей көрмесін өткізуді жоспарлап отыр.
«Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен бірлесіп, Астанада көшпенділер тарихы, сақтардық алтыны туралы эспозиция ұйымдастыруды көздеп жатырмыз», - деп қосты С. Адаскина.
Еске салып кетсек, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Эрмитажының күндері Қазақстанда алғаш рет 2015 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өткізілген болатын. Ол кезде шара бағдарламасына лекциялар, семинарлар, шеберлік сағаттары, кездесулер мен музей саласы дамуының өзекті мәселелерін талқылау енді.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
«Болашақ» бағдарламасына құжат тапсыру мерзімі мен жаңа талаптар -
Ауылды дамыту: Мәдениет, өнер және спорт саласындағы өзгерістер -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
ШОБ: Алдағы үш айда мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары күшіне енеді -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде -
Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма -
Өзгерген әлемдегі құндылықтар бәйгесі