- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы халықаралық мұнай-газ компанияларының басшыларымен кездесті
Елбасы халықаралық мұнай-газ компанияларының басшыларымен кездесті
7 Желтоқсан, 2016 17:29
«ExxonMobil» компаниясының президенті Д.Вудс, «Total E&P» компаниясының президенті А.Брейяк, «Royal Dutch Shell» компаниясының бас атқарушы директоры Б.ван Берден және «Eni» компаниясының барлау және өндіру жөніндегі бас директоры А.Велла қатысқан кездесуде Қазақстанның мұнай-газ саласындағы әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы барлық мәселелерді, соның ішінде экологиялық түйткілдерді шешу үшін бірлесе күш жұмсаудың маңыздылығын атап өтті.
«Қазақстан Үкіметі мен Шетелдік инвесторлар кеңесі ынтымақтастығымыздың аясын кеңейтуге қатысты барлық мәселені қарастыруға дайын» , – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«ExxonMobil», «Total E&P», «Royal Dutch Shell» және «Eni» компанияларының басшылары республикамызда қолайлы инвестициялық жағдай жасалғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Тәуелсіздігіміздің мерейтойымен құттықтады.
Соңында Мемлекет басшысы бірлескен жобаларды жүзеге асырушыларға табыс тілеп, өзара тиімді ынтымақтастықтың жалғаса беретініне сенім білдірді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда -
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Шағын және орта бизнес: халықаралық және ішкі ахуал