- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада қазақстандық-ресейлік ғарыш саласының ынтыматастығы талқыланды
Астанада қазақстандық-ресейлік ғарыш саласының ынтыматастығы талқыланды
«Келіссөздер барысында ғарыш саласындағы ынтымақтастық, «Байқоңыр» кешенінде экологиялық қауіпсіздікті және бақылауды қамтамасыз ету, Байқоңыр қаласы мен Ақай, Төретам ауылдарының даму перспективалары, әскери-техникалық ынтымақтастықтың келешегі және басқа мәселелер талқыланды», - делінген хабарламада.
Бақытжан Сағынтаев Қазақстан тарапы үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «КazSat-3» байланыс және хабар тарату спутнигін уақытылы іске қосуды жүзеге асыру өте маңызды екендігін атап өтті. Қазіргі уақытта аталған спутникті ресей кәсіпорыны академик М.Ф. Ретешнев атындағы «Ақпараттық спутниктік жүйе» ААҚ құру жұмыстарын аяқтауда. Кездесуде мәлім етілгендей, геостационарлық орбитаға «KazSat-3» спутнигін мезгілсіз шығаруға қандай да бір техникалық себептер жоқ.
Бұдан басқа, Қазақстан тарабы ғарыш қызметі саласында (оның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағы бойынша) екіжақты ынтымақтастықтың 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді бағдарламасын әзірлеп қабылдау мәселелерін қарауды ұсынды, онда жүйелі негізде ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ететін нақты шаралар кешенін көздеу қажет. Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, «Байқоңыр» кешеніндегі бірлескен қызмет және жаңа экологиялық қауіпсіз ғарыш ракета кешендерін құру жөніндегі бұдан бұрын қол жеткізген келісімдер жаңа тәсілдер мен шешімдерді талап етеді.
Кездесуде «Бәйтерек» ҒРК–ті құру және «Протон» ҒРК-ті экологиялық қауіпсіз ғарыштық ракеталық кешенге ауыстыру жөніндегі мәселелер жеке талқыланды.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Ресей мәселелердің кең аясы жөніндегі екіжақты ынтымақтастықтың қарқынын күшейтуге міндетті екенін атап көрсетті. Екі мемлекет арасында ғарыштық және әскери-техникалық ынтмақтастық мәселелерінде толықтай өзара түсіністік орын алуда.
-
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Т.Әубәкіров: Ғарышкер болу үшін ғылымға құштар болу керек -
Елордада ЖОО-лардағы білім сапасын арттыру мәселесі талқыланды -
Сайлау-2021: Жас жұбайлардың, аттылардың сайлауға қатысуы желіде қызу талқыланды
-
Үкімет отырысында су ресурстарын тиімді пайдалану мен үнемдеу мәселесі талқыланды -
Тауарларды таңбалау: Сауда саласының көлеңкелі айналымын төмендетуге мүмкіндік береді -
Өнеркәсіп, көлік, құрылыс және ауыл шаруашылығы саласының дамуы
-
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Жоғары оқу орындарындағы білім сапасы талқыланды -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа әдіс-тәсілдер талқыланды -
БҚО-дағы ауыл әйелдерінің форумы: Ауылда кәсіп ашудың мүмкіндіктері талқыланды -
Қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыру мәселесі талқыланды -
Қашықтан оқытудағы сын-қатерлер талқыланды