- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы кітапханасында «Назарбаев моделі» кітабының тұсаукесері өтті (ФОТО)
Елбасы кітапханасында «Назарбаев моделі» кітабының тұсаукесері өтті (ФОТО)
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жаңа туындының авторлары – Махмұт Қасымбеков, Бақытжан Темірболат, Тимур Шаймергенов.
Кітаптың тұсаукесер рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесі өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сарапшылар, ғалымдар мен ақын-жазушылар, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
«Бұл кітап – біздің жас мемлекеттің табыс кілті жайлы сыр шертеді. Авторлар дәстүрлі тарихи-хронологиялық жолды таңдамады. Кітапта нақты мысалдармен қазақстандық жолдың іргетасын қалаған және жас мемлекеттің табысты дамуына жол ашқан Елбасының басқарушылық шешімдерінің алгоритмі арнайы әзірленген инфографикалардың көмегімен көрсетіледі. Авторлар күрделі ішкі және сыртқы жағдайда дамудың даңғыл жолына түскен жас мемлекетті басқарудың нәтижелі жүйесін «Назарбаев моделі» деп атайды. Бұл қазақстандық көшбасшының саясатын мемлекеттік менеджмент теориясы мен практикасы арқылы тереңнен зерделеу болып табылады. Жаңа басылымның негізгі міндеті – «Назарбаев үлгісінің» аса маңызды негіздерін жүйелеп, басқарудың батыс мектептерінде танымал кейс әдісін пайдалану арқылы оқырман қауымның назарына ұсыну. Оның ішінде ядролық қарудан бас тарту, «Қазақстан-2030» стратегиясын әзірлеу, Қазақстанның астанасын көшіру, көпвекторлы сыртқы саясаттың басты тәсілдерін қалыптастыру іспетті мемлекет басшылығы және оның көшбасшысы алдында тұрған күрделі басқарушылық шешімдер бар», - деп жаңа кітаптың мазмұнымен авторлардың бірі ҚР Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары Бақытжан Темірболат таныстырды.
Жаңа көзқараспен, үлгімен, тәсілмен ерекшеленетін жаңа кітапта Қазақстанның ширек ғасырдағы мемлекеттік құрылысына басқарушылық талдау жүргізуге талпыныс жасалған.
Фото: Азамат Әлиев
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті