- Басты
- Жаңалықтар
- Елордалық тәртіп сақшыларының қатарын 200 штаттық учаскелік инспектор толықтырды
Елордалық тәртіп сақшыларының қатарын 200 штаттық учаскелік инспектор толықтырды
Кездесу барысында Бақытжан Малыбаев Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметі жұмысының қорытындысын шығарды, сондай-ақ, қала өміріне қатысты бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
«Бүгінгі күні Жергілікті полиция қызметінің штаттық саны 1,5 мыңнан аса қызметкерді құрайды. Қызмет құрамында полицияның учаскелік инспекторлары, жол-патрульдік, ювеналды полиция және әйелдердің құқықтарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі полиция қызметтері бар», - деп түсіндірді Малыбаев.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ісінде көзге түскен және белсенділік танытқан полицияның қоғамдық көмекшілерін ынталандыру үшін әкімнің қолдауымен жыл сайын 13 млн теңге қаржы бөлінеді, деді Бақытжан Малыбаев.
Кездесудің қорытындысы бойынша, елорда тұрғындары Малыбаевқа тұрмыстық зорлық-зомбылық, мектеп инспекторларының жұмысы, тұрғын үйлердің аулаларында көлік қою ережелерін бұзу, жол белгілерін орнатуға учаскелік инспекторлардың рейд шараларын күшейтуі, полиция қызметкерлерін ынталандыру сияқты түрлі мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Азаматтардың барлық өтініштері Астана ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының ерекше бақылауына алынды, ол жедел түрде сәйкес шаралар қабылдауға уәде берді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Учаскелік инспекторлардың жалақысы 30%-ға артады -
ІІМ: Учаскелік полицей инспекторының мәртебесі, балалар суициді және жол-көлік оқиғалары -
Елордалықтар коронавирусқа қарсы вакцинаны белсенді түрде қабылдап жатыр -
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды -
13 мыңнан аса азамат 1 наурыздан бастап әскер қатарына шақырылады -
Елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта өзгерді -
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп қалай бақыланып жатыр -
Елордалық жастарға жалға берілетін үйге қалай өтінім беруге болады -
Тоқаев: Тәртіп сақшыларының еңбекақысы 30 пайызға артады -
Қазақстандық ғалымдар әзірлеген COVID-19-ға қарсы вакцина әлемдегі үздік 200 вакцина қатарына кірді