Қайрат Мәми Астанадағы ЕЫҚҰ орталығының басшысымен кездесті

10 Желтоқсан, 2013 16:35
Бүгін, 10 желтоқсанда Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми Астанадағы ЕЫҚҰ басшысы Наталья Заруднаны қабылдады, деп Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Кездесу барысында Жоғарғы сот пен Астанадағы ЕЫҚҰ орталығының ынтымақтастығы талқыланды», - делінген хабарламада.

Жалпы, жаңа кодекстер мен кейбір заңдарды шетелдік сарапшылардың тартылуымен қарастыру жұмыстары да айтылды.

Сондай-ақ, ЕЫҚҰ орталығы ұйымдастыратын тренингтер мен семинарларға сот органдарының қызметкерлерін қатыстыру келісімі орындалды.  

Барлық жаңалықтар