- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның орман және су шаруашылықтары қызметкерлерінің жалақысы 25% көбейтілмек
Қазақстанның орман және су шаруашылықтары қызметкерлерінің жалақысы 25% көбейтілмек
«Осы Заң жобасында 2019 жылға дейін өсімдіктер және жануарлар дүниесі саласының қызметкерлерінің жалақысын 25% көбейту болжанады. Бүгінгі күні депутаттардың бұл ұсынысы Үкімет тарапынан қолдау тапты. Республикалық бюджеттік комиссияның осы мәселеге қатысты шешімі бар. Бүгін кадрларды даярлау бойынша жаңа міндеттер қойылып жатыр. Бізге жануарлар дүниесін жаппай қорғаудан аңшылық шаруашылықтарының жаңа түрлерін дамытуға көшу қажет. Бұл жерде жаңа кадрларды даярлау талап етіледі. Осы міндетке сәйкес біз кадрларды даярлау бойынша жоспар дайындап жатырмыз», - деп ақпараттандырды министр.
А. Мырзахметов заң жобасы аясында Орман кодексіне Қызыл Кітапқа енгізілген өсімдіктерді табиғаттан алу көлемдерін бекіту жөнінде Үкіметке құзырет беру жөніндегі норманы енгізуді ұсынды. Бұл ретте, мұндай өсімдіктерді алу тек ғылыми және олардың көлемін көбейту мақсаттарында ғана жүзеге асырылады.
«Бұл шара өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің айналымы мәселесін реттеуге мүмкіндік береді», – деп түсіндірді А. Мырзахметов.
Су кодексінде бір су қоймасындағы балық және су ресурстарын пайдалану құқығын бекітіп беру тәртібін нақтылау ұсынылған. Ал Экологиялық кодексте жануарларды қоныс аудару, әкелу және республикадан тысқары жерлерге шығару тәртібін нақтылау көзделеді.
Сондай-ақ, қазақстандық заңнаманың халықаралық нормаларға сәйкес келуі үшін, заң жобасы аясында «фермерлік аңшылық шаруашылығы», «биосфералық резерват» терминдерін енгізу жоспарлануда.
Асқар Мырзахметов орман заңнамасын бұзушыларды ұстау кезінде толтырылатын құжаттар үлгілерін бекітуді уәкілетті органның құзыретіне беруді ұсынды. Бұл, табиғат қорғау заңнамасын бұзу жағдайында орман күзеті қызметкерлерінің жедел әрекет етуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, министр ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқаруға жұртшылықты тарту мақсатында табиғат қорғау мекемелері жанынан Үйлестіру кеңесін құру туралы нормаларын қабылдауды ұсынды. А. Мырзахметов экологиялық туризмнің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарға баса назар аударды.
«Ұлттық парктердің аумағында экологиялық туризмді дамыту және әкімшілік тосқауылдарды жою үшін турагенттер болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың алдымен лицензиялар алуы бойынша талапты алып тастау қажет», – деді министр.
Мәжіліс депутаттарының жалпы дауыс беруімен заң жобасы мақұлданып, ҚР Парламентінің Сенатына жіберілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді