- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Республикасының Даңқ кітабы Ұлттық музейде тұғырға қойылды
Қазақстан Республикасының Даңқ кітабы Ұлттық музейде тұғырға қойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымда бекітілген «Қазақстан Республикасының Даңқ кітабы туралы» №538 қаулысы негізінде «Даңқ кітабын» жүргізу және сақтау Ұлттық музейге тапсырылған болатын. Аталған қаулыда көрсетілген ережеге сәйкес жарыққа шыққан «Даңқ кітабын» Ұлттық Ұланның сарбаздары салатанатты түрде витринаға қояды.
Алдағы уақытта «Даңқ кітабы» Ұлттық музейдің Тәуелсіздік залындағы Мемлекеттік марапаттар витринасының экспонаты ретінде музейге келушілердің назарына ұсынылады. Шараның алғы сөзін ашып берген Қазақстан республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев: «Бүгінгі болып отырған іс-шара біздің 25 жылдық тәуелсіздігіміздің тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Бүгінімен мақтана алмаған ел – өткенімен ғана мақтанады», - деген сөзі бар. Ал қазақ халқы тек өткенімен емес, бүгінімен де, болашағымен де кеудесін кере мақтана алады. Бүгінгі тұсауы кесіліп, тұғырына орнатылып отырған «Даңқ кітабы» соның бірден-бір айғағы деуімізге болады» деді.
Ұлтымызға еңбегі сіңген 292 тұлғаның есімі жарияланған «Даңқ кітабының» электронды нұсқасының лентасын қоғам және мемлекет қайраткері Өмірбек Байгелді мен Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев кесті.
«Даңқ кітабына» ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісіне, «Алтын Қыран», «Отан», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» ордендеріне және «Халық Қаһарманы», «Қазақстанның еңбек ері» атақтарына ие болған азаматтар туралы жазбалар енгізіледі. Жазба тек мемлекеттік тілде жүргізіледі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»