- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин рақымшылықты Елбасы тарапынан көрсетілген сенім мен еркін ерік екенін атап өтті
Н.Нығматулин рақымшылықты Елбасы тарапынан көрсетілген сенім мен еркін ерік екенін атап өтті
«Бұл заң жобасы тікелей Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен алғашқы рет енгізілді. Осы орайда, Президентіміз қателік жасаған азаматтарға кешірім жасап, олардың жаңа өмір бастауына жол ашып отыр. Бұл тәуелсіз еліміздің шын мәнінде демократиялық және өркениетті ел болуының нақты көрсеткіші»,- деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Заң жобасында азаматтардың әлеуметтік осал санаттары – кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, кәмелетке толмаған балалары немесе мүгедек балалары бар әйелдерге, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын ер адамдарға, I, II және III топтағы мүгедектерге, елу жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс жастағы және ол жастан асқан ер адамдарға, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, әскери және интернационалдық борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің жесірлеріне, сондай-ақ күйеулері соғыс мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар болып табылатын әйелдерге қатысты рақымшылық жасау ұйғарылып отыр.
Барлық қылмыстық істер мен соттар қарамаған істер бойынша, қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар бойынша іс жүргізуді тоқтату көзделіп отыр. Сотталған адамдардың жекелеген санаттары үшін жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін айыппұлмен немесе бас бостандығын шектеумен ауыстыру немесе оны қысқарту рәсімін қолдану мүмкіндігі пайда болады.
Сонымен қатар, заң жобасында рақымшылық жасау актісі қолданылмайтын адамдардың аясы белгіленеді. Бұл жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар; террористік және экстремистік қылмыстар; азаптаулар жасаған адамдар; рецидивистер; өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланған, сондай-ақ кешірім жасау тәртібімен өлім жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдар, бұрын рақымшылық жасалған немесе кешiрiм жасалған және қайтадан қасақана қылмыстар жасаған адамдар; қылмыстық топтар құрамында қылмыстар жасағаны үшін сотталған, сондай-ақ қылмыстық заңда белгіленген бірқатар өзге де қылмыстар жасаған адамдар.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері