- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жарақтандырылуына Ми-171Ш тікұшақтарының кезекті партиясы келіп түсті (ФОТО)
Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жарақтандырылуына Ми-171Ш тікұшақтарының кезекті партиясы келіп түсті (ФОТО)
Салтанатты шараға Әскери-әуе күштерінің қолбасшылығы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ӘӘК-нің ардагерлері қатысты.
«Бүгін бөлім тарихындағы атаулы күн. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында біз су жаңа тікұшақтарды алғанымызға қуаныштымыз және мақтаныш сезімдеміз. Авиациялық базаның барлық жеке құрамы атынан ұшу және инженерлік-техникалық құрам жаңа авиациялық техниканы сауатты әрі құнттап пайдаланады деп сеніммен айта аламын», - деді авиациялық базаның командирі полковник Марал Кәрімов. Т
ікұшақтар бұдан бұрын қазақстандық тарап пен «Ресей тікұшақтары» холдингі арасында жасалған келісімшартқа сәйкес келді. Бұдан бұрын авиабазаның ұшу және инженерлік-техникалық құрамы өндіруші зауытта ұшудың қайта дайындығынан өткен болатын.
Ми-171Ш Ми-8 үлгісіндегі тікұшақтардың соңғы модификацияларының бірінен құралған. Тікұшақтың жоғары ұшу техникалық сипаттамалары және қауіпсіздік деңгейі бар. Заманауи қондырғымен және жаңа үлгідегі жүйелермен жабдықталған. Пайдалануда және қызмет көрсетуде қарапайым, Цельсия бойынша -50-ден +50 градусқа дейінгі температура мен жағдайдың кең диапазонында қолдану мүмкіндігіне, беріктілікке және көп функционалдылыққа ие.
Десанттық-көліктік тапсырмаларды орындаудан басқа тікұшақтың аталмыш үлгісі құрлықтағы бөлімшелерді ұстап тұру, яғни, қарсыластың жанды күшін, броньды техниканы, бекітілген атыс нүктелері мен өзге де жылжымалы және жылжымайтын нысаналарды жою, десантты атыспен қолдау, әскери лектерді алып жүру, патрульдеу, іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу үшін арналған. Бұл тікұшақтардың екінші партиясы екенін айта кеткен жөн. Ми-171Ш тікұшағының алғашқы буыны Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жарақтандырылуына 2015 жылдың желтоқсан айында келіп түскен болатын.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру