- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат комитетінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері туралы заң жобасы қаралды
Сенат комитетінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері туралы заң жобасы қаралды
Заң жобасымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмысының басталуын 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 1 қаңтарына ауыстыру мақсатында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға түзетулер енгізіледі, деп хабарлады Сенат.
Осыған байланысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына мемлекеттің жарналарын аударуды 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 1 қаңтарына ауыстыру ұсынылады. Жұмыс берушілердің аударымдары мен дара кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын Қорға аудару 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2017 жылдың 1 шілдесіне ауыстырылады.
Заң жобасымен, сондай-ақ Бюджет кодексіне, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске және «Білім туралы» заңға интернаттық ұйымдарды қоспағанда, орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетулерді білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру бөлігінде түзету енгізу көзделеді.
Отырыста денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары А.Цой баяндамасында жоба туралы жан-жақты айтылды. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Ә.Бектаев қосымша баяндама жасады. Отырыс барысында заң жобасы бойынша депутаттар Б.Әйтімова, С.Бектұрғанов, А.Бектаев, Ж.Ерғалиевтың қойған сауалдарына министрдің орынбасары А.Цой жауап берді.
Заң жобасы бойынша талқылауды аяқтай келіп, комитет төрағасы Б. Әйтімова еліміздің тұрғындары үшін міндетті әлеуметтік сақтандырудың маңызын атап өте келіп, оны Парламент Сенатының отырысында бірінші оқылымда талқылауға шығаруды ұсынды. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар