- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте заңнамадағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша түзетүлер талқыланды
Шымкентте заңнамадағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша түзетүлер талқыланды
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, БҰҰДБ-мен бірге семинар-кеңес ұйымдастырды. Онда Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысының аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің қатысты, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам Ұлт жоспарының» 98 - қадамын іске асыруда әзірленген жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті пен коммуналдық меншігін енгізу тұрғысынан жергілікті басқаруды дамыту мәселелері бойынша Заңнамадағы жаңа түзетулер семинар-кеңесте талқыланды.
Заң жобаға сәйкес ЖӨБ бюджеті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде 2018 жылдан бастап халық саны 2000 адамнан астам әкімшілік аумақтық бірлікте мемлекеттік бюджеттің 4 деңгейі ретінде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерлерде енгізіледі.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша заңнаманың жаңа түзетулері:
- жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешудегі жергілікті өзін–өзі басқару органдарының қаржылық және экономикалық дербестігін кеңейтуге;
- жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешiмдер қабылдау процесiне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Семинар-кеңес барысында қолданыстағы Заңнама, сондай-ақ қабылданып жатқан Заң жобасының жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саласындағы ережелерін түсіндірді.
Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданының Састөбе кентін сапарлап, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмысымен танысып қайтты.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар