Биыл БҚО-да 1500 отбасы жаңа пәтерге ие болды

7 Желтоқсан, 2016 10:14
Биылғы жылы өңірде ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай тұрғындарға жалпы саны 1500 пәтер беріледі, деп хабарлады БҚО әкімдігі.

Тұрғын үй құрылысына республикалық және жергілікті бюджет есебінен 1 297 241,97 мың теңге қаржы жұмсалған. 180 пәтерлі үйдің 144 пәтері бір және екі бөлмелі болса, 36 пәтер үш бөлмелі.

Биылғы жылы біздің өңірімізде ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай тұрғындарға жалпы саны 1500 пәтер берілмек. Халықты тұрғын үймен қамту Орал, Ақсай қалалары мен облысымыздың әр ауданында жүзеге асып жатыр.

Бұл игі іс келер жылы да жалғасын табатын болады. Бой көтерген тұрғын үйлер кезекте тұрған отбасыларға, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ салымшыларына, ардагерлерге, көп балалы және жас жанұяларға, асыраушысынан айырылған және мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін болады.

«Өздеріңізге белгілі, осыдан 3-4 жыл бұрын бұл жерде көп қабатты үйлер болған жоқ. Елбасының ұйытқы болуымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде осындай көп қабатты үйлер бой көтеруде. Бұл игі істердің барлығы мемлекет басшылығының сіздерге деген қамқорлығы» – деді Алтай  Көлгінов.

 

Барлық жаңалықтар