- Басты
- Жаңалықтар
- ЭЫДҰ қазақстандық оқушылардың оқу жетістіктерін жоғары бағалады
ЭЫДҰ қазақстандық оқушылардың оқу жетістіктерін жоғары бағалады
Білім және ғылым министрлігі хабарлағандай, PISA-2015 зерттеуіне барлығы әлемнің 72 елі мен экономикасының 500 000-нан астам 15 жастағы білім алушылары қатысты.
Қазақстанның атынан еліміздің 16 өңірінің 5 780 15 жастағы оқушылары мен студенттері қатысты (189 мектеп және 27 колледж).
ЭЫДҰ елдерді жинаған ұпайлары бойынша рейтингке бөлмейді. ЭЫДҰ негізгі мақсаты елдердің білім беру жүйелерінің үрдісін көрсету.
PISA-2012 зерттеумен салыстырғанда қазақстандық қатысушылар зерттеудің барлық бағыттары бойынша халықаралық тесттің көрсеткіштері жоғарылады. Математика бойынша нәтижелердің өсімі 28, ал жаратылыстану бойынша 31 ұпайды құрады.
Математикалық және жаратылыстану құзыреттері үрдісінің тренді жоғары деңгейде сақталады. 2012 жылғы үрдіс 2009 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 27 және 25 ұпайларды құрады.
PISA-2015 зерттеуінде 15 жастағы білім алушылар ұпайлары өсімінің ең жоғарғы көрсеткішін оқу сауаттылығы бойынша көрсетті (+34).
Бұл Елбасының тапсырмасы бойынша іске асырылған "Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық ic-қимыл жоспарының" және мектептегі білім берудің жаңартылған мазмұнына өтуге арналған іс-шаралар арқасында мүмкін болды.
Осылайша, Білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының, Білім және ғылым министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының болжамды көрсеткіштері көрсетілген математика бойынша 440 ұпай (нақты 460), жаратылыстану бойынша 430 (456), оқу сауаттылығы бойынша 400 (427) нысаналы индикаторларына қол жеткізілді.
Сондай-ақ, PISA-2015 жобасына алғаш рет Назарбаев зияткерлік мектептерінің барлық 15 жастағы оқушылары қатысты (2 061 адам). Олардың Қазақстанның жалпы нәтижелеріне ықпалы республика оқушыларының жалпы санынан осы оқушылардың үлесі пропорционалды түзетілді.
Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушыларының көрсеткіштері математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша жетекші білім беру жүйелерінің (Сингапур, Гонконг, Макао, Қытайлық Тайбэй, Жапония және т.б.) бірінші ондығына кіреді.Назарбаев зияткерлік мектептердің қатысушылары математика бойынша 523 жаратылыстану – 517 және оқу бойынша 492 ұпайлар жинады.
PISA-2015 зертеуінде Қазақстанның нәтижелері жабық сұрақтар бойынша көрсетілген. Толық және терең талдау, нақты шешімдер мен ұсыныстар 2017 жылғы Ұлттық есепте айқындалатын болады.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары