- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-ның Төлеби ауданында Тәуелсіздік жылдары 29 жаңа мектеп салынған
ОҚО-ның Төлеби ауданында Тәуелсіздік жылдары 29 жаңа мектеп салынған
Тәуелсіздік жылдарындағы Төлеби ауданындағы жетістіктерді баяндаған Б.Парманов аудандағы жергілікті бюджет көлемі осы жылдар ішінде 16 есеге өсіп, бүгінгі таңда 11 млрд. теңгеден астам қаржыны құрағанын айтты. Сәйкесінше, ішкі кіріс түсімі де көңіл қуантады. Егемендік алған кезеңде аудандағы ішкі кіріс көлемі 240 млн. теңгеден 1 млрд. теңгеге жетіп, 4,5 есеге өскен.
Сонымен бірге, Тәуелсіздік жылдары ауданда 29 жаңа білім ғимараттары салынған. Жалпы, Төлебиде бүгінгі таңда 68 мектеп болса, 1991 жылдан бері соның 53-і күрделі жөндеуден өтіп, ыңғайластырылған мектептер саны қысқарып, типтік білім мекемелер саны 57-ге жеткен.
Баспасөз мәслихатында «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда 2012-2015 жылдары жалпы 13 млрд. 233 млн. теңгені құрайтын 35 жоба мақұлданып, іске асырылғандығы туралы айтылды.
«Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде ауданның 51 елді мекенінде ауыз су жүйесінің құрылыстары жүргізіліп, орталықтандырылған ауыз сумен аудан халқының 93,7 пайызы, газдандыру жұмыстары бойынша 55 елді мекеннің бүгінгі таңға 36 ауылы немесе 82 пайызы табиғи газбен қамтылып отыр», - деді аудан басшысы.
Сондай-ақ, БАҚ өкілдерімен болған кездесуде Б.Парманов Төлебидегі жұмыссыздық деңгейі 6 пайыздан 4,9 пайызға түсіп, жылма жыл ауданның жұмыссыздық деңгейі төмендеп келе жатқаны туралы мәлімдеді. Мәселен, жыл басынан бері ауданда 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған.
Тәуелсіздік жылдары аудандағы 18 мәдени ошақтарының 7-уі күрделі жөндеуден, 8-і ағымдағы жөндеуден өтсе, 1 мәдениет үйі жаңадан салынып, қазіргі таңда 19 мәдениет ошағы жұмыс жасайды екен.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру