- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады
ҚР Президенті «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады
«Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығының лауреаты атанып, «Үздік индустриялық жоба» номинациясында Атырау облысының «Атыраунефтемаш» ЖШС көш бастады. Награданы компания жетекшісі Сағат Түгелбаев алды. «АтырауНефтеМаш» ШС Қазақстанда мамандандырылған зауыттың бірі болып табылады. Кәсіпорында заманауи технологиялар игерілген.
«Үздік инновациялық жоба» номинациясында «Химфарм» АҚ (ОҚО). Зауыт директоры Рүстем Байғарин Президент қолынан наградаға ие болды.
Сондай-ақ, «Сапа көшбасшысы» номинациясы бойынша Павлодар облысындағы «Қазақстандық электроиз зауыты» АҚ үздік атанды. Награданы ERG Менеджерлер кеңесінің төрағасы Александр Машкевич алды.
Оған қоса, Мемлекет басшысының қатысуымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Аталған шараны жыл сайын ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлесе отырып өткізіп келеді.
Биыл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі байқауға қатысуға республиканың 501 кәсіпорнының басшылары өтінім білдірді.Аймақтардан келіп түскен өтінімдердің басым көпшілігі Алматы қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарынан (68 өтінім) келіп түсті. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарынан 53 үміткерден тіркелді.
«Парыз» Бас жүлдесіне «Қазақмыс» Корпорациясы (2008 жыл);«Торғай Петролеум» АҚ (2009 жыл); «СНПС–Ақтөбемунайгаз» АҚ (2010 жыл);«Тенгизшевройл» АҚ (2011 жыл);«Қаз ТрансОйл» АҚ (2012 жыл); «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ (2013 жыл); «Қазгермунай» ЖШС (2014 жыл);«Самұрық Энрго» АҚ (2015 жыл) ие болды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы