- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда тұрмыстық қалдықты өңдеу инфрақұрылымын қалыптастыру ұсынылды
Қазақстанда тұрмыстық қалдықты өңдеу инфрақұрылымын қалыптастыру ұсынылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.
«Өз кезегінде Экологиялық кодекске де өзгертулер енгізілді. Заң 2016 жылдың маусымынан бастап қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге тыйым салды. Оған қоса, Экологиялық кодекске сәйкес 2019 жылдан бастап өңделмеген тұрмыстық қалдықтарды көмуге де тыйым салынады. Біз екі өзгертуді де 2019 жылдан бастап енгізуді ұсынып отырмыз», - деді заң жобасының бастамашыларының бірі, Мәжіліс депутаты Құралай Қаракен.
Заң жобасы қолданыстағы экологиялық заңнаманы жетілдіру және оны қолдану практикасы барысында айқындалған құқықтық олқылықтарды жою мақсатында әзірленген.
Ұсынылып отырған заң жобасы екі бағытта өзгертулер енгізуді көздейді.
Түзетулердің бір бөлігі орта және шағын бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында қоғамдық тыңдау өткізу арқылы халықтың шешім қабылдауға қатысу процесіне байланысты.Түзетулердің келесі бөлігі қалдықтарды қолдану жөніндегі мәселелерді реттеуге бағытталған.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша