- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат комитетінде терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң жобасы қаралды (ФОТО)
Сенат комитетінде терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң жобасы қаралды (ФОТО)
Келісім 2015 жылы 16 қазанда Бурабай кентінде жасалды. Құжаттың мақсаты ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы құзыретті органдар ынтымақтастығының құқықтық негіздерін орнықтыру болып табылады. Келісімнің ережелері төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды өзара хабарлауды, болжауды және мониторингті, жоспарлауды және өткізуді көздейді.
Құжат сондай-ақ бірлескен конференцияларды, семинарларды, жұмыс бабындағы кеңестерді, жаттығуларды, арнайы көрмелерді, мамандарды даярлауды уағдаластық негізінде ұйымдастыруды, тәлімгерлерді, оқытушыларды, ғалымдар мен мамандарды алмасуды, сондай-ақ тараптардың құзыретті органдарымен келісілетін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы басқа да іс-қимылды қарастырады.
Комитет сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарады.
Заң жобасымен Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге террористік және экстремистік қылмыстар үшін жауаптылықты қатайту, қарудың заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон және есірткі бизнесі саласындағы қылмыстар бойынша балама тергеу енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. Заң жобасының жекелеген ережелері әкімшілік құқық бұзушылықтардың жаңа құрамдары мен субъектілерін енгізу арқылы қару айналымы және халықтың көші-қоны саласындағы әкімшілік жауаптылықты күшейтуге бағытталған.
Заң жобасымен «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысуының салдарынан Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуының жаңа негіздерін енгізу бөлігінде толықтырулар енгізіледі. Осы деректің Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан және азаматтығын қалпына келтіруден бас тарту үшін негіз болып табылатыны да көзделген.
Сонымен қатар экстремизм және терроризм көріністеріне қарсы күрес жөніндегі шараларды күшейту мақсатында қару айналымын мемлекеттік бақылау, халықтың көші-қоны, діни қызмет, байланыс, күзет қызметі саласындағы және басқа да бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар