- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Астанада құрылыс материалдарын өндіру зауытын іске қосты
Мемлекет басшысы Астанада құрылыс материалдарын өндіру зауытын іске қосты
«Астанадағы жаңа зауыт осы қатардағы ең заманауи зауыт екенін ерекше мақтанышпен айтамыз. Біздің өніміміз – үйлерді жылу оқшаулауға арналған заманауи материалдар. Өнімнің 40%-ы Ресей мен Орталық Азияға экспортқа шығарылатын болады. Зауытта 70 адам еңбек етеді. Құрметті Президент, Сіздің Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймыз! Сіздің арқаңызда Қазақстан Орталық Азияда инвестициялар үшін ең жақсы және ең бәсекеге қабілетті орынға айналды. Біз Қазақстан экономикасын және қазақстан-польша ынтымақтастығын нығайтуға өз үлесімізді қосатынымызға қуаныштымыз», - деді ел Президентіне директорлар кеңесінің төрағасы Кшиштоф Домарецки.
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Польшаға сапарын еске алды, оның аясында мемлекет басшылары екі елдің белсенді ынтымақтастығы туралы келіскен болатын. Астанада бірлескен зауыттың құрылысы айтылған келісушілікке жақсы мысал болды.
«Мен биыл Польшаға сапармен бардым, келіссөздер барысында ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы сөз қозғалған болатын. Бұл жақсы мысал. Сіздерде бизнес үшін, құрылыс үшін жақсы жағдайлар жасалды деген сенімдемін. Біздің Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар сіздерге көмек көрсетті. Польшалық компаниялар Шымкентте формация өндіру бойынша және басқа да салаларда жақсы жұмыс істейтінін білемін, бұл өте жақсы, заманауи кәсіпорын. Құрылыстың аяқталуымен құттықтаймын», - деді Н. Назарбаев.
Еске сала кетейік, Елбасы 23 кәсіпорынды іске қосады, оның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауыты, Алматы-Шу учаскесіндегі екінші жолдың құрылысы, Алматы-Қапшағай және Астана-Теміртау жолдарының қайта жөнделуі, «Арселор Миттал Теміртау» №4 домендік пешінің жаңғыртылуы, «Баян Сұлу» АҚ өндірісінің кеңейтілуі және Құрық портындағы паром құрылысы бар.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары