Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру картасының 23 нысанын іске қосады

6 Желтоқсан, 2016 15:23
Астанада Индустрияландыру күні аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір режимінде Индустрияландыру картасы аясындағы нысандарды іске қосады.

Сондай-ақ, дәстүр бойынша телекөпір аясында Индустрияландыру картасының жобалары таныстырылады. Мемлекет басшысы  телекөпір аясында индустрияландыру   аясындағы жобаларды іске қосады.

Жалпы, Елбасы  23 кәсіпорынды іске қосады,  оның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауыты, Алматы-Шу  учаскесіндегі  екінші жолдың құрылысы,  Алматы-Қапшағай және Астана-Теміртау  жолдарының қайта жөнделуі, «Арселор Миттал Теміртау» №4 домендік пешінің  жаңғыртылуы,  «Баян Сұлу» АҚ өндірісінің кеңейтілуі және Құрық  портындағы  паром құрылысы бар.

Соңынан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  «Парыз»  наградасын табыстайды.

 

Барлық жаңалықтар