- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында алғашқы технологиялық парк ашылды (ФОТО)
Ақтөбе облысында алғашқы технологиялық парк ашылды (ФОТО)
Технопарктің ашылу рәсіміне өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қатысты.
Технопарк қызметінің негізгі мақсаты инновациялық кәсіпорындарды құру мен дамытуды жан-жақты қолдаудың тиімді тетігін енгізу арқылы өңірде ғылымды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, ғылыми жетістіктерді, инновациялық қызметті коммерцияландыру болмақ. Технопарк қызметінің басым бағыттары Ақтөбе облысының даму бағдарламасына және өнеркәсіптік кәсіпорындардың нақты қажеттіліктеріне сәйкес келеді.
«Ғылым, білім беру және өндіріс интеграциясы кез келген елдің инновациялық дамуының негізі болып табылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде білім мен ғылымның дамуына көп көңіл бөледі. Президент отандық өндіріс пен оқу процестеріне озық технологияларды, инновацияларды енгізу республиканың әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруін жылдамдататынын бірнеше рет айтқан болатын. Ақтөбе облысында осы бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасатын болады», - деп атап өтті Б. Сапарбаев.
Технопаркте барлығы 5 ғылыми зертхана жұмыс істейтін болады: ақпараттық-өлшеу жүйелерінің, техногендік қалдықтарды экологиялық қауіпсіз кәдеге жарату бойынша, инженерлік бейіндегі ғылыми зертханалар, «Ұлы Жібек жолы рухани мұрасы» ғылыми-зерттеу орталығы және «Білім беру кеңістігін интернационалдандыру» халықаралық зертханасы.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды