- Басты
- Жаңалықтар
- Үздік отандық компанияларға «Ұлы дала елі» негізгі брендін пайдалану құқығы берілді
Үздік отандық компанияларға «Ұлы дала елі» негізгі брендін пайдалану құқығы берілді
«Ұлы дала елі» негізгі бренді отандық үздік компанияларға – еліміздің үздік экспорттаушылары ретінде ірі, орта және шағын бизнес өкілдеріне жыл сайын табысталады. Байқау лауреаттарының тізіміне: «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ, «Қайнар-АКБ» ЖШС, «Рахат» АҚ кірді. Қазақстан брендін халықаралық ауқымда ілгерілетіп жүрген отандық компаниялар жақын және алыс шетелдерде кеңінен насихаттау мақсатында негізгі брендті пайдалану құқығын иеленетін болады.
Осылайша, «Ұлы дала елі» бірыңғай брендімен ең үздік қазақстандық өнімдер мен қызметтер біріктіріледі, ал эмблема еліміздің «бет-бейнесіне» айналып, Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджі мен танымалдылығын арттырады және «Ұлы дала елінің» өнімдерінің жоғары сапасын паш ететін болады.
Сондай-ақ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз қызметінде жетістіктерге жеткен «Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алу байқауына және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесіне қатысушылардан тұратын кәсіпкерлерге «Іскер» арнайы сыйлығын табыс етті. Бұл тізімге:
- ШҚО «СемАз» ЖШС
- Қостанай облысы «Евраз Каспиан болат» ЖШС,
- Ақтөбе облысы «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС,
- Алматы қаласы «Қағанат Сервис компаниясы» ЖШС,
- Маңғыстау облысы «Zhamal-ai LTD» ЖШС,
- Павлодар облысы «Павлодар басқару колледжі» БҰ ЖМ,
- ШҚО «Қазақстанның майлары» ЖШС,
- Жамбыл облысы «ТаразКожОбувь» ЖШС,
- СҚО «Қазетөнім» ЖШС,
- Қызылорда облысы «Сыр Маржаны» ЖШС кірді.
Еске сала кетейік, бүгін Астанада Индустрияландыру күні аясында сапа саласындағы жетістіктер үшін «Алтын сапа» ҚР Президентінің сыйлығын табыстау, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесінің, «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай