- Басты
- Жаңалықтар
- «Самұрық-Қазына» қоры компаниялардың IPO-ға шығару мерзімін айтты
«Самұрық-Қазына» қоры компаниялардың IPO-ға шығару мерзімін айтты
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мемлекеттік комиссиямен компания активтерін жекешелендіру мерзімін келісті. Сондай-ақ, Қор компаниясының негізгі бөлімі IPO арқылы жекешелендіреді.
Ұлттық экономика министрінің айтуынша, 2016 жылдың 17 қарашасында экономиканы жаңғырту мәселесі жөніндегі комиссияның отырысында ТОП-65 тізімі бойынша Қордың 18 активін жүзеге асырудың мерзімі қабылданды. 8 компанияны IPO арқылы шығару жоспарланған, Оның ішінде Air Astana, «Қазақтелеком», «Самұрық-Энерго», әлеуетте «Таукен-Самұрық», екі кезеңді байқауы бойынша 6 компания, 4 компания стратегиялық инвесторлардың тікелей мекенжайлық жобалар бар. Оның ішінде: «Локомотив құрастыру зауыты», «Электровоз құрастыру зауыты», «Тұлпар-тальго», «KTZE - Khorgos Gateway» бар.
Қ.Бишімбаев соңғы нысандар бойынша халықаралық компаниялар мен халықаралық брендтер қатыса алатындығын айтты.
Жалпы, ведомство басшысы айтып өткендей, IPO акцияларын бұқаралық жариялау тек оның құнына ғана емес, оның қызметінің ашықтығына және Астана халықаралық қаржы орталығын дамытуға бағытталған.
Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев компания активтерін жекешелендіру мерзімін айтты. Төраға сондай-ақ, ең соңғы шешім Президентке байланысты екенін айтты.
««Эйр Астана» компаниясы IPO-ны нарықтың дамуына қарай, 2017 жылдың соңында немесе 2018 жылдың басында өткізуді жоспарлауда. Нәтижесінде компания қолында дауыс беруші акцияның 25+1 пакеті қалады. Акцияның 51 пайызы қазақстандық инвесторлардың қолында қалуы тиіс деген шешім шығарылды. «Қазақтелеком» компаниясы - ол қазірдің өзінде 49 пайызға жеке меншікте», - деді Ө.Шөкеев.
«ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясының IPO бағдарламасы 2018 жылы өтеді деп межеленуде және оның 25 пайыз акциясы сатылады. «ҚазМұнайГаз» компаниясының IPO-сы да 2018 жылдың басында өтеді және 25 пайыз акциясы саудаға ышғады. «Самұрық-Энерго» компаниясының IPO-сы 2019 жылы қуаттылық нарығы толық күшіне енген кезде өтеді.
Сатылым көлемі акцияның 25 пайызы деп қарастырылуда. Мүмкін акцияның 51 пайызы саудаға шығарылуы ықтимал. «Қазпошта» IPO-ны 2019 жылы 49 пайызға дейін өткізуі мүмкін. «Қазақстан теміржолы» компаниясы жаңғыртудан кейін IPO-ны 2020 жылы өткізуді жоспарлауда.
«Акцияның сатылымға шығатын көлемі - 25-49 пайыз. Сонымен қатар біз қордың енді ғана өсіп келе жатқан активтері «Қазақ Эйр» мен «Тау-кен Самұрық» компанияларын саудаға шығарамыз», - деді ол. Оның айтуынша, жекешелендіруге жататын қор активтерінің тізімінде 217 нысан бар, оның ірі активтер көрсетілген бірінші бөлігінде 44 нысан бар болса, екіншісінде - 173 актив бар», - деді ол.
Ботагөз Айтжанова
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
«СҚ-Фармация»: Дәрі-дәрмек қоры, вакциналау және КВИ-мен күресте қолға алынған шаралар -
АҚДМ қорытындысы: Азаматтық қоғам, ҮЕҰ-нің жұмысы, жастар мен қандастар мәселесі -
COVID-19: Төсек-орын қоры, вакцинациялау және Ashyq қосымшасы -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі -
Мейрамхан Жәпек, журналист: Әйелдер қосымша білім алудан қорықпау керек