Жария ету аясында қазақстандықтар 8 мыңға жуық банк шотын ашқан

6 Желтоқсан, 2016 12:34
Жария ету акциясы аясында қазақстандықтар 8 мыңға жуық банк шотын ашқан. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев ҚР Үкіметінің отырысында хабарлады.

«2014 жылғы 1 қыркүйектен 2016 жылғы 30 қараша аралығында жария ету акциясы кезеңінде банктер 7917 банк шотын ашқан, оларға 2 трлн 860 млрд теңгеге жуық ақша салынған», - деді Данияр Ақышев Үкімет отырысында.

Осы ретте 2016 жылғы 1-30 қараша аралығында 2501 банк шоты ашылған, оларға 652 млрд теңгеге жуық ақша салынған. Кемінде 2 трлн 558 млрд теңге шетелдік валютада, негізінен АҚШ долларымен жария етілген, бұл жария етілген ақшаның жалпы сомасының 89%-ын құрайды. Жария ету мақсаттарында Қазақстан Республикасына шет елдерден ақша негізінен Швейцариядан, Ресейден, Сингапурдан, Ұлыбританиядан, Лихтенштейн Корольдігінен түскен.

«Жария ету кезеңінде арнайы шоттардан басқа банк шоттарына ақша қаражатының 59%-ы аударылған. Осы ретте жария етілген ақша негізінен қазақстандық банктерде ашылған банк шоттарына аударылады. Шетелдік банктерде ашылған шоттарға жария етілген ақшаның 7%-ға жуығы аударылған», - деп ақпараттандырды Ұлттық банк басшысы. 

Барлық жаңалықтар