- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2017-2019 жылдары 1630 мектепке дейінгі мекеме ашылады - БҒМ
Қазақстанда 2017-2019 жылдары 1630 мектепке дейінгі мекеме ашылады - БҒМ
Қазіргі кезде елімізде 9 407 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, олардың ішінде жекеменшіктің үлесіне 2 413 немесе төрттен бір бөлігі тиесілі. 2016 жылы мектепке дейінгі ұйымдар желісі 811 бірлікке арттырылды, оның ішінде МЖӘ тетіктерін қолдану есебінен 1,3 мың орынға шақталған 7 балабақша ашылды.
Жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер саны 10 есеге артып, 100 млрд теңгеден астам жеке инвестициялар мектепке дейінгі тәрбие мен білім жүйесін дамытуға жұмсалды.
Қазіргі кезде концессиялық жобаларды басқару үшін 14 МЖӘ аймақтық орталықтары құрылды. ҚР БҒМ ақпаратына сәйкес, мемлекеттік тапсырысты балалардың нақты болуымен байланыстырмау бойынша мектепке дейінгі мекемелерге мемлекеттік тапсырыс беру Ережелеріне өзгерістер енгізілді. Бұл аталған мекемелерге ғимаратты ұстау, қызметкерлер еңбекақысы бойынша шығындарды төлеуге мүмкіндік береді.
Заңнамалық негізде жеңілдіктер ұсыну мәселесі реттелді. Атап айтқанда, корпоративтік салық алынбайды, жер салығының мөлшерлемесі 10 есеге төмендетілді, мүлікке салынатын салық салықтық базаға 0,1% мөлшерлемесінде есептеледі. Жекеменшік балабақшалардың тәрбиешілерін мемлекеттік бюджет есебінен оқыту мәселесі пысықталуда.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды