- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сұлтанов: 2017 жылы республикалық бюджеттік инвестицияның көлемі 898 млрд теңгені құрайды (ФОТО)
Б.Сұлтанов: 2017 жылы республикалық бюджеттік инвестицияның көлемі 898 млрд теңгені құрайды (ФОТО)
«Қарауға «2017-2019 жылдарға арналған бюджет туралы» Заңын жүзеге асыру туралы» Үкімет қаулысын қабылдау шығарылды. Қаралып отырған жоба Бюджеттік кодекске сәйкес әзірленді, оның міндеттері: жергілікті органдарға мақсатты трансферт сомасын бөлу. Қаулы жобасы бойынша республикалық бюджеттік инвестициялардың тізімін енгізу қарастырылған. 2017 жылы оның жалпы көлемі 898 млрд теңгені құрап отыр. Оның ішінде: республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар – 169 млрд теңге; заңды тұлғалардың капиталына енген мемлекеттің қатысуымен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар – 56 млрд теңге; жергілікті бюджетке бағытталған мақсатты трансферт – 215 млрд теңге; Ұлттық қордан бөлінетін мақсатты трансферттерге қаржыландырылатын қаржылық инвестиция – 342 млрд теңге», - деді Б.Сұлтанов.
Сондай-ақ, министр атап өткендей, республикалық бюджеттік инвестициялардың басым тізімі маңызды оқиғаларды жүзеге асыруға бағытталады.
2017 жылға арналған жобалардың құны 140,4 млрд теңгені құрайды. Барлық жобалар бақылауға алынды.
Б. Сұлтанов айтып өткендей, 2017 жылға арналған мемлекеттік тапсырыстың тізімі 349 млрд теңгенің 124 позициядан тұрады.
Оның айтуынша, биылғы жылы 384 млрд теңгенің 131 позицияны құрап отыр.Ерекше маңызды бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған басымдыққа ие республикалық бюджет инвестицияларының тізімі бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы трансферттері мен резервтері реттелген.
Ботагөз Айтжанова
Фото: Шыңғыс Қаппаров
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі