- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Түркия ТжКБ саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қазақстан мен Түркия ТжКБ саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Бұл құжат екі тараптың 2011 жылы қол қойылған меморандумының аясында іске асырған ынтымақтастығын жалғастыруды көздейді. Аталған меморандум шеңберінде 2012-2016 жылдар аралығында екі жақты техникалық және кәсіптік білім саласының 400-ге тарта қызметкері – агрономия, ветеринария, аспаз, тігінші, шаштараз ісі, дизайн, құрылысшы, туризм, автомобиль жөндеу, есептеу техникасы, ақпараттық технология, менеджмент мамандықтары бойынша Стамбул қаласының кәсіптік білім беретін оқу орындарында іс-тәжірибе алмасып, тағылымдамадан өтті. Сонымен бірге олар аталған мамандықтар бойынша шағын және орта бизнесті ұйымдастыру бойынша лекциялар тыңдады.
2014 жылы Департамент Түркия Республикасының Ұлттық білім министрлігінің қызметкерлерімен бірлесіп, Астана қаласының «Тұран» колледжі базасында «Ақпараттық технология және болашақ» атты республикалық ғылыми–практикалық конференция ұйымдастырды, оған республиканың 80 колледжінің өкілдері қатысты.
2016 жылғы 1-8 қазан аралығында Түркиялық делегация Алматы, Астана қалаларының, Ақмола, Алматы, Шымкент облыстары колледждерімен танысып, іс – тәжірибе алмасты.
ТІКА 2016 жылға дейін жыл сайын өткізіліп келген «Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер диалогы» VI Халықаралық форумына демеушілік көрсетті.
ТІКА биыл өткен WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының 1-2-3 орын алған жеңімпаздарына Стамбул қаласының техникалық және кәсіптік білім жүйесімен, мәдени, тарихи орындармен танысуға тегін сертификаттар ұсынды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары