Қостанай облысында 12 мыңнан астам тұрғыны бар кент газға қосылды

6 Желтоқсан, 2016 11:18
Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ-ның «Қостанай облысының елді мекендерін газдандыру және газ тарату желілерін жаңғырту» инвестициялық жобасын іске асыру аясында Рудный қаласының Кашар кентінде тартылған және кен ішіндегі газ құбырларының құрылысы аяқталды, деп хабарлады Қостанай облысының әкімдігі.

Осы нысанның құрылысы аясында 1 АГТС (автоматтандырылған газ тарату станциясы), 2 ГБП (газ реттегіш блокты пункт), 30 шм астам газ құбыры салынды.

«Кен тұрғындары 12 000 астам адамды құрайды. 56 ірі панельді үй, 20-дан астам жеке тұрғын үй қосылуға дайын. Кентте 35-ке жуық коммуналдық-тұрмыстық және әлеуметтік нысан орналасқан», - делінген хабарламада.

Салтанатты шараға Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директорының Бірінші орынбасары Ғалым Айдосов қатысты. 

«Жобаның іске асырылуы облыс үшін үлкен әлеуметтік-экономикалық маңызға ие. Табиғи газ тұрғындар, ондаған әлеуметтік және өндірістік нысандар үшін қолжетімді болады. Газдандыру кент экономикасының дамуына оң әсер етеді. Біз осы жұмысты осы жерде жұмыс істейтін, отбасын құратын, туған кентін дамытатын болашақ ұрпақ үшін жүргізіп жатырмыз», - деді өңір әкімі.

Екі жыл ішінде облыста 600 шм астам салынады, облыстың 50 мыңнан астам тұрғыны бар 8 жаңа елді мекені газдандырылды. Облыс тұрғындарының «көгілдір отынға» қолжетімділігі 10 %-дан астам ұлғаяды деп атап өтілді. 

Барлық жаңалықтар