- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Шавкат Мирзиеевті Өзбекстан Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады
Н.Назарбаев Шавкат Мирзиеевті Өзбекстан Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады
Құттықтауда Қазақстан Президенті өткен сайлау нәтижесі азаматтардың әл-ауқатын және мемлекеттің халықаралық аренадағы беделін одан әрі арттыруға бағытталған саясатқа деген Өзбекстан халқының жоғары сенімі мен қолдауының айғағы болғанын атап өтті.
«Сіздің басшылығыңызбен бауырлас Өзбекстанда тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайта түсетін ауқымды өзгерістер жалғасын табатынына сенімдімін», – делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға, сондай-ақ Орталық Азиядағы барлық елдердің ынтымақтастығын кеңейтуге тың серпін берілетініне сенім білдірді.
Елбасы екіжақты және өңіраралық өзара іс-қимылдың әлеуеті зор екеніне тоқталды, сондай-ақ еліміздің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда сындарлы диалог жүргізуге әзір екеніне назар аударды.
«Осы сәтті пайдалана отырып, сұхбатымызды Астанада жалғастыру үшін өзіңізге ыңғайлы уақытта Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуді ұсынамын», – делінген жеделхатта.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ш.Мирзиеевке зор денсаулық, мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктер, ал бауырлас өзбек халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады -
Эксклюзив: Қырғыз республикасының Президенті Садыр Жапаровпен сұхбат -
Мамин қайтадан Премьер-министр болып тағайындалды -
Сайлау: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таңдау жасады -
Cайлау-2021: Үкімет басшысы, Сенат Төрағасы, Мемлекеттік хатшы алғаш болып дауыс берді -
Ақберен Елгезек: Президент құр сөз болып қалатын дүниелерді емес, орындалуы тиіс нақты істерді айтты -
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады -
Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады -
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері -
Қазақстан мен Өзбекстан - сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінде серіктес мемлекеттер -
ҚР Президенті БҰҰ – ның 75 жылдығында сөз сөйледі