- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталды (ФОТО)
Астанада «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталды (ФОТО)
Конкурстың мақсаты – елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету, деп хабарлады кітапхананың баспасөз қызметі.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева құттықтады. «Тәуелсіздіктің ширек ғасырында күрделі және қызықты саланы таңдап, өмірін журналистикаға арнаған кәсіби мамандардың бірнеше буыны өсті. Конкурсқа жолданған барлық жұмыстар назар аударуға лайық.
Әрбір материалдан туған жерге деген сүйіспеншілік сезіледі. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын. Олар өздерінің жұмыстарында Елбасының бастамаларын нақты көрсетіп, оларды түсінікті және қолжетімді түрде қазақстандықтарға жеткізді және еліміздегі негізгі оқиғаларға ерекше көзқарастарын білдіруге тырысқан. Барлық журналистер қауымдастығына мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін», - деп атап өтті Дариға Нұрсұлтанқызы.
Тәуелсіздіктің ширек ғасырында еліміздің дамуына отандық медиа-қауымдастық өкілдерінің қосқан үлесі ұшан-теңіз.
«Конкурсымыздың ауқымы өте кең болды. Жолданған барлық жұмыстар еліміздің ақпарат құралдарында жарияланып, Отанымыздың тәуелсіздік жылдарындағы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жеткен жетістіктерін көпшілікке кеңінен паш етті. Конкурсқа түскен материалдардың басым көпшілігінің мазмұны терең, көркемдік деңгейі жоғары болғанын атап өткім келеді», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұт Қасымбеков.
Бекітілген ережеге сәйкес конкурсқа арналған жұмыстар биылғы маусымның 1-нен қазанның 31-не дейін 4 аталым бойынша қабылданды: «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала», «Үздік теледидар материалы», «Үздік радиоматериал», «Ғаламтордағы БАҚ үздік жарияланым».
Шығармашылық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 365 материал жолданды. Конкурсқа қызығушылық танытқан 111 автордың арасында облыстардың журналистері ерекше белсенділік танытты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы