- Басты
- Жаңалықтар
- Күй, киіз үй және айтыс адамзаттың репрезентативтік тізіміне енді
Күй, киіз үй және айтыс адамзаттың репрезентативтік тізіміне енді
«Біздің бай тарихымыздың материалдық емес мұрасы терең рухани мағынаға ие және ол ұлттың мәдени құндылықтарының негізі саналады. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мәдени ескерткіштерді сақтауға ғана емес, сонымен қатар ел аумағында тұратын халықтардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қайта жаңғыруына үлкен көңіл бөліп келеді. 2003 жылы Президенттің тапсырмасымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып осындай ауқымды жобаны жүзеге асырды», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов.
Бағдарлама орындалған 8 жылдың ішінде 78 тарихи және мәдени ескерткіштер қайта қалпына келтіріліп, орта ғасырлардағы күй, тарихи әуендер сияқты қазақ музыкасы терең зерттелді. «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі, 1000 әні» қазақ дәстүрлі әндерінің антологиясы шықты. Қазіргі уақытта еліміздің материалдық емес мәдени мұрасын сақтауға және дамытуға бағытталған «Рухани мұра» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу мәселесі қарастырылуда.
Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның басты жетістігі – ЮНЕСКО-мен достық қарым-қатынасты орнату және нығайту болып саналады. Халықаралық ұйыммен ынтымақтастық аясында материалдық емес мәдени мұраларды қорғау саласында біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі Ұлттық комитет құрылды, адамзаттың репрезентативтік тізіміне алғашқы қазақстандық ұсынымдар әзірленіп, ұлттық тізім бекітілді. Оның нәтижесінде 2014-2015 жылдары бүкіл әлемдік адамзаттың материалдық емес мәдени мұралар тізіміне қазақтың киіз үйі, айтыс және күй өнері енгізілді. Сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне Қазақстанның «Наурыз» көпұлтты номинациясы, «Саят құстармен аң аулау» көпұлтты номинациясы, «Жұқа нанды дайындау дәстүрі: лаваш, қатырма, жұпқа, юфка» және «Қазақ күресі» ұлттық номинациялары енді.
«Қазақтың қасиетті киіз үйі», «Суырып салма айтысы» мен «Күмбірлеген киелі күйі». Ендігі жерде бұл қазақтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани мұрасы саналады. Оған куә – бүгін мұражайға тапсырылып отырған ЮНЕСКО-ның арнайы сертификаттары. Сөз жоқ, бұл енді бірнеше күннен соң бүкіл ел болып атап өтетін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тамаша тарту әрі лайықты үлес деп білемін», - деп атап өтті Иманғали Тасмағамбетов.
Осыдан кейін, вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов ЮНЕСКО сертификаттарын этнографиялық залға үнемі қою үшін Ұлттық музей директоры Д. Мыңбайға салтанатты түрде тапсырды.
Экспозицияның ашылуында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртістері, күйші Айгүл Үлкенбаева, Секен Тұрысбеков, сонымен қатар, айтыскер ақындар Сара Тоқтамысова, Серікзат Дүйсенғазы қатысып, сөз сөйледі.
Сонымен бірге, еліміз 2017 жылы ЮНЕСКО-ның аталған тізіміне «Асық ұлттық ойыны» номинациясын енгізуді және «Қорқыт мұралары» көпұлттық номинациясын үйлестіруді жоспарлап отыр.
ЮНЕСКО-ның тізіміне мұраларды тіркеу Қазақстанның материалдық емес мәдени мұраларын елімізде және халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға, сондай-ақ оларды қорғау бойынша ұлттық деңгейде жүйелі шаралар қабылдауға ықпал етеді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы