- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Астанада құрылыс материалдарын өндіретін заманауи зауыт іске қосылады
ИИДМБ: Астанада құрылыс материалдарын өндіретін заманауи зауыт іске қосылады
Астанада Индустрияландыру күні шеңберінде құрылыс материалдарын өндіруші заманауи зауыт іске қосылады. Онда арнайы құрылыс қоспалары мен ғимараттарға арналған жылу оқшаулауға арналған өнімдер шығарылады. Барлығы 120 өнім аталымы өндірілмек.
Кәсіпорын ЕО-да сертификатталған сыртқы оқшаулағыш жүйелеріне арналған құрамдастар, кәсіби қасбет сырларын, қасбеттерге арналған пайдалануға дайын сылақтар (сұйық дисперстік жүйелер), ішкі жұмыстарға арналған арнайы сырлар, армирлеуші құрылыс қоспаларын, су оқшаулағыштығы жоғары сылақтар, бетон блоктарға арналған жұқа қабатты қалау ерітінділерін, өздігінен жазылатын құю массаларын және т.б. шығарады.
Зауыттың өндірістік цехы 5 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Жобаның мақсаты - бәсекеге қабілетті жоғары технологиялық өндіріс құру:ҚР құрылыс саласында инновациялық және энергия үнемдеуші технологияларды ендіру, импорт алмастыруды қамтамасыз ету және ҚР экономикасының салаларына аса қажет қосымша құны жоғары өнімдердің өндірісін ұйымдастыру, қосымша жұмыс орындарын құру, Орта Азия мен РФ-ға өнім экспорты үшін мүмкіндіктер жасау.
Зауыттың өнімдері ғимараттардың энергетикалық тиімділігін арттырып, ауаға тасталатын CO2 көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол зиянды заттар шығармайды, ылғалға, көгеруге және микроағзаларға төзімді. Құрамында озон қабатын бұзатын парник газдары жоқ (мысалы, ХФУ және ГХФУ) және энергия тұтынуды азайтатын жаңаша формулалар мен технологияларға сай өндіріледі.
Жоба 70 адамды жұмыспен қамтиды. Оның өндірістік қуаты жылына 10 000 тоннаға жуық дисперсиондық, 120 000 тонна құрғақ қоспа. Өнімнің 40% экспортқа шығарылады.
«Селена групп» 1992 жылы құрылған және өнімдерін әлемнің 70 еліне жеткізеді. Компания әлемдегі біркомпонентті полиуретан көпіршігі өндірушілерінің үздік үштігіне кіреді.
-
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы