- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда мемлекет қаражаты есебінен 1312 денсаулық сақтау нысаны салынды
Қазақстанда мемлекет қаражаты есебінен 1312 денсаулық сақтау нысаны салынды
«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда мемлекет қаражаты есебінен 1312 денсаулық сақтау нысандары салынып, қолдануға берілді, соның ішінде: 8 медициналық ғылыми орталықтары, 32 арнайы медициналық орталықтар, 176 аурухана, 144 емхана, 907 амбулатория және 45 арнайы денсаулық сақтау объектілері (қан орталықтары, патологоанатомиялық бюро және тб.). Барлық медициналық нысандардың 87%-ын алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдар құрайды.
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық диагностикалық орталық, Ұлттық нейрохирургия орталығы, Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы және т.б. ірі медициналық ұйымдар құрылды», - деді Алексей Цой.
Вице-министр соңғы жылдары Қазақстанда жоғары мамандандандырылған медициналық көмек белсенді түрде дамып келе жатқанын, ел азаматтары қажет болған жағдайда шетелде жасататын бірегей оталардың елімізде жасалуы жыл сайын ұлғайып келе жатқанын атап айтты.
«Жыл сайын біз 40 мыңға жуық жүрек, 35 мыңнан астам нейрохирургиялық ота жасаймыз. 2012 жыл мен 2016 жылғы қазан айының аралығында Қазақстанда туыстық және қайтыс болғаннан кейінгі донорлар арқылы 1011 ағзаны транспланттау жасалды. Оның ішінде бүйрек – 793, бауыр – 170, жүрек – 41, өкпе – 5, ұйқы безі – 2. Сонымен бірге, балалардың гемопоэтикалық бағаналық тіндерін 41 транспланттау отасы жасалды», - деді ол.
Сөз соңында Алексей Цой жауырдағы 4 жылда денсаулық сақтау саласының стратегиялық мақсаты – халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 2020 жылға қарай 73 жасқа жеткізу екенін атап айтты.
Оған қол жеткізу мақсатында ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының аясында (әрі қарай – Мемлекеттік бағдарлама) бірқатар құралдар қарастырылған. Оның бірі – алғашқы медициналық-санитариялық көмектің мультидисциплинарлық тобы мен әлеуметтік келісім шарт арқылы бекітілген пациент арасындағы серіктестік қатынастар негізінде құрылған Ауруларды басқару бағдарламасы болып табылады (әрі қарай - АББ).
Биыл АББ пилоттық тәртіпте 7 аймақтың (Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Астана мен Алматы қалалары) 23 МСАК ұйымдарында үш нозология бойынша енгізілуде: артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және қант диабеті. Бағдарламаға қатысушылар саны 1,2 мыңнан астам адамды құрады. 2017-2019 жылдары АББ-ны 5 нозологияға дейін ұлғайтып, еліміздің барлық аймақтарында енгізу жоспарланып отыр.
Мемлекеттік бағдарламаның тағы бір маңызды бағыты - әлеуметтік мәні бар, елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар 5 негізгі нозология (миокардтың жіті инфаркті, мидағы қан айналымының ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру) бойынша медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу болып табылады. Ол туралы толығырақ ҚР ДСӘДМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева мәлімдеді.
«Бағыттардың әрқайсысы бойынша қызметтің барлық түрлері көрсетілетін болады: профилактика, емдеу шаралары, оның ішінде оңалту, диспансерлік бақылау, медициналық және әлеуметтік қызметтер. Сонымен қатар, күрделі технологиялық құрылымдар мен жоғары білікті мамандарды талап ететін қызметтер ауданаралық, аймақтық және республикалық деңгейде орталықтандырылатын болады. Күрделі технологиялық құрылымдарды талап етпейтін қызметтер тұрғылықты мекен-жай бойынша медициналық ұйымда көрсетілетін болады. Осылайша көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру, күту уақытын төмендету, диагностикалау мен емдеудің негізсіз тәсілдерін тағайындауға жол бермеу мақсатында пациент қозғалысын бағдарлаудың тетіктері енгізілетін болады», - деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ, Ажар Төлеғалиева ҚР ДСӘДМ жанынан медициналық көмек көрсетудің (әрбір нозология бойынша) біріктірілген үлгісін енгізу жөнінде 5 үйлестіру кеңесі құрылғанын атап айтты. Олар медициналық қызметкерлердің барлық деңгейінің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізді, емдеу стандарттарын қайта қарап, емханалық хаттамалар мен процестердің алгоритмі, пациенттердің қозғалыс маршрутын жетілдірді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 700-ден астам стационарлық және 2 мыңнан астам амбулаторлық-емханалық мемлекеттік ұйымдар қызмет көрсетеді. Онда 190 мыңнан астам медициналық қызметкерлер, оның ішінде 53 мың дәрігер жұмыс істейді.
Сонымен бірге, халыққа денсаулық сақтаудың жеке меншік үлгісіндегі 161 стационарлық және 700-ден астам амбулаторлық-емханалық ұйымдары медициналық көмек көрсетеді. Республикада барлығы 105 мың аурухана жатын орны бар.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады