- Басты
- Жаңалықтар
- В.Цой: Қазақстанда тәуелсіздік жылдары туу көрсеткіші 9,8%-ға өсті
В.Цой: Қазақстанда тәуелсіздік жылдары туу көрсеткіші 9,8%-ға өсті
ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» және Денсаулық сақтау саласын реформалаудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын сәтті жүзеге асыру нәтижесінде қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 4,4 есеге ұлғайып, 2015 жылдың нәтижесі бойынша 72 жасты құрады (1991 жылы бұл көрсеткіш 67,6 болатын).
«Халықтың туу көрсеткіші 9,8%-ге өсті. Ана мен сәби өлімі сәйкесінше 5,4 және 3 есеге төмендеді. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 6%-ға төмендеді. Бұл көрсеткіш негізгі себептерден туындайтын өлім-жітімді азайту арқылы жүзеге асты: қан айналымы жүйесінен болатын өлім 1,9 есеге, қатерлі ісік ауруларынан 33%-ға, қайғылы оқиғалар салдарынан, жарақаттану мен уланудан 23,1%-ға. Туберкулезбен сырқаттанушыдылық 9%-ға, өлім-жітім - 66%-ға төмендеді», - деп хабарлады Алексей Цой.
Вице-министр халықты кең көлемді вакцинациялау нәтижесінде соңғы 25 жылда Қазақстанда індетті паротитпен сырқаттану деңгейі 435,9 есеге, қызамықпен - 879,6 есеге, дифтериямен – 30 есеге, көкжөтелмен - 7,6 есеге азайғанын айтты. «В» вирустық гепатитімен сырқаттану деңгейі балалар арасында 1234,5 есеге, ересектер арасында 31,5 есеге төмендеді. Сонымен қатар, Қазақстанда соңғы 25 жылда 14 жасқа дейінгі балалар арасында сіреспемен сырқаттанудың бірде бір жағдайы тіркелген жоқ.
«Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында АИТВ-ны диагностикалау, емдеу мен алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізудің нәтижесінде республикада халықтың осал топтарының арасында АИТВ-ның таралуын шоғырланған сатыда ұстап тұру мүмкіндігі пайда болды. Соңғы екі жылдың ішінде «15-49 жас аралығындағы тұрғындардың ішінде АИТВ инфекциясының таралуы» Жаһандық бәсекелестік индексінің көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингісінде Қазақстан 0,18% көрсеткішімен алғашқы орындағы елдердің қатарына кіреді», - деп хабарлады ол.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті