Қазақстанда жеке сот сарапшылар палатасын құру мәселесі қаралуда (ФОТО)

5 Желтоқсан, 2016 17:12
Қазақстанда жеке сот сарапшылар палатасын құру мәселесі қаралуда, деді Әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстандағы сот сараптамасын жетілдіруге арналған ғылыми-тәжірибелік конференция барысында.

Конференцияға қатысушылар  елдегі сараптамалық-сот бойынша  бәсекеге қабілетті нарық құру  шараларын талқылады, сондай-ақ, жеке  сот сарапшылар палатасын құру мәселесі қаралды, деп хабарлады ҚазҒЗУ баспасөз қызметі.

Әділет министрлігі айтып өткендей, отандық құқықтық жүйені дамыту  әртүрлі институттар қызметін жетілдіруді қажет етеді.

Жақын арадағы перспективада жеке сот сарапшылары палатасын  құру мәселесін қарау  жоспарлануда.

Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағамбетовтың айтуынша,  бүгінгі таңда Қазақстанда сот-сараптамалық  қызмет саласында бірыңғай мекемеде таныстырылады.

«2016 жылы әділет министрлігінде барлық  сарапшылық қызметті тоғыстыру үрдісі аяқталды. Қазір  55 сарапшылық мамандық бойынша  29 сарапшылықтың түрі жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда сараптамалық-сот қызметін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді министрдің орынбасары.

Қазіргі таңда Қазақстанда  100-ден астам  жеке сот сарапшылары жұмыс істеп жатыр.

Барлық жаңалықтар