- Басты
- Жаңалықтар
- Әлеуметтік жауапкершілік аясында 398 отбасы Ақтөбе облысының кәсіпкерлерінен көмек алды
Әлеуметтік жауапкершілік аясында 398 отбасы Ақтөбе облысының кәсіпкерлерінен көмек алды
«Хромтау ауданында «Менің елім - Мәңгілік ел» қайырымдылық акциясы өтті, оның аясында аудан аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлер, ірі кәсіпорындар 398 аз қамтамасыз етілген, көп балалы және мүгедек отбасыларға 13 млн теңгеге көмек көрсетті», - делінген хабарламада.
Әкімдікте жыл басынан бері облыста 352 қайырымдылық акциясы өткізілгені атап өтілді, оның аясында 14 мыңнан астам адам 100 млн теңгеден астам жалпы сомасына қолдау алды. Бүгін Хромтау ауданында тағы 15 отбасы көмек алды. Бұдан бөлек, аз қамтамасыз етілген 6 отбасы олардың үйлеріне газ қосуға сертификаттар алды.
«Актеп» ЖШС өкілдері Қопа ауылының тұрғыны Серік Бекеновке 200 мың теңгеге сертификат берген, бұл қаражат үй шатырын ауыстыруға жұмсалатын болады. «Алтын дән» компаниясынан Амангелді Ыбыраевтың отбасы отын сатып алуға 150 мың теңге алды. «Ақжар агро» және «КазПромСтройГрупп» компанияларынан Айсәулеш Иманқұлова мен Николай Звезданов үйлерін газдандыруға 300 мың теңгеден сертификат алды, «Латиком ЛТД» ЖШС арқасында Саянбек Орынбасаров қысқы отын ала алатын болады. Тағы 4 отбасы «ҚазТрансГаз» АҚ АФ сертификаттарына өз үйлеріне газ қоса алады.
Еске сала кетейік, 21 қарашада ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған қайырымдылық акциясы барысында 1 мыңнан астам аз қамтамасыз етілген ақтөбелік 50 млн теңге сомасына көмек алған. Облыс басшылығы жетім балаларға, мүгедектерге және аз қамтамасыз етілген отбасыларға қолдау көрсету және олардың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін осы акцияның өткізілуіне бастама жасаған болатын.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс