ЕАЭО және ҚХР кедендік ақпарат алмасу бойынша келісімге келді

5 Желтоқсан, 2016 15:54
Мәскеудегі Еуразиялық экономикалық одақ өкілдері мен Қытай Халық Республикасы өкілдерінің төртінші раундында кедендік ақпарат алмасу келісімінің мәтіні бойынша өзара тиімді келісімге жетті.

ЕАЭО келіссөз тобын басқарушы ЕЭК кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры  Бақтыбек Байсеркеев  айтып өткендей, келесі раундта  тараптар  құжатты талқылауды  аяқтайды.

Бүгінгі таңда Қытай мен ЕАЭО кедендік органдары Келісіміге қол қойылғаннан кейін ҚХР-дан келетін тауар туралы ақпарат алмасады, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия.

Аталмыш  мәліметтермен алмасу келісімге қатысушы елдер арасында  келісім деңгейін өсіріп, контрафактілі өнімді жеткізуді төмендетеді.

Барлық жаңалықтар