- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында 210 ІҚМ-ға арналған тауарлы сүт фермасы ашылды
Алматы облысында 210 ІҚМ-ға арналған тауарлы сүт фермасы ашылды
«Нысан иесі Сәбит Ахметовтің айтуынша, 2015 жылы 90 бас ірі қара әкелсе, биылғы жылы тағы 120 бас сатып алған. Енді мал басын 1500-ге жеткізуді жоспарлап отыр. Ірі қараның барлығы да симментал тұқымы», - делінген хабарламада.
Кәсіпкердің сөзіне сүйенсек, бүгінгі күні швейцариялық сиырлар тәулігіне 1,5 тоннаға дейін сүт береді. Жоспарда оны 8 тоннаға дейін жеткізу көзделген. Сауылған сүт түгелімен сүт өнімдерін шығаратын «Үштөбе Айдын» ЖШС-ға жіберіледі. Соның нәтижесінде сүт өндірісінің аудандағы көшбасшысы өнім түрін көбейтіп, сапасын арттыруға мүмкіндік алды.
«Сүт кешенін ашу – ауданымыз үшін айтулы оқиға. Кешен малдың жоғары өнімділігімен, малды баптауға жасалған қолайлы жағдайымен, жаңа технологияны енгізуімен ерекшеленеді. Бүгінгі күні фермада 50 адам жұмыс істейді. Шаруашылық иесі кейін іргесін кеңейтіп, жұмысшылар санын 100-ге жеткізуді де жоспарлап отыр. Өткен жылы нысанның құрылысы басталғаннан бері біздің аудандық филиал заңдық тұрғыдағы мәселелерге қатысты жан-жақты көмек көрсетті», - деді Кәсіпкерлер палатасының Қаратал аудандық филиалының директоры Марат Құсайынов.
Жалпы, жыл басынан бері Қарасай ауданында 750 басқа арналған жоғары өнімділікті сүт-тауарлы ферма және «Медеу Коммерц» ЖШС-ның прогрессивті технология негізінде қуаттылығы жылына 5 мың тонна болатын сүт өңдеу цехы іске қосылған.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда