• Басты
  • Қазақстанның ҚК 2017 жылға арналған жауынгерлік даярлықтың бағыттары белгіленді

Қазақстанның ҚК 2017 жылға арналған жауынгерлік даярлықтың бағыттары белгіленді

5 Желтоқсан, 2016 09:36
Қазақстанның Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталды. 2017 оқу жылында әскерлердің жауынгерлік даярлығы жетілдірілетін негізгі бағыттар белгіленді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

2017 оқу жылында әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығындағы негізгі күш-жігер әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігінің жоғары деңгейін ұстап тұруға, жауынгерлік даярлық сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу сапасын арттыруға бағытталатын болады. Алдағы оқу жылы жеке құрамды оқытып-үйрету бойынша практикалық сабақтарға толы болады. Онда негізгі назар тактикалық буынды дайындауға аударылады.

Сонымен бірге, жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру және заманауи автоматтандырылған басқару және байланыс жүйелерін қолдана отырып, әскерлерді басқару бойынша әскери басқару органдарының жұмыс жасау әдістерін жетілдіру жалғастырылады. Жеке құрамның, қару-жарақ пен әскери техниканың қайта орналасуы мәселелерін пысықтай отырып, еліміздің аумағында және халықаралық екіжақты және түраралық оқу-жаттығуларға Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қатысуы мен өткізілуі тәжірибесі жалғасуда.

Бір жыл бойы әскерлер «Қабылан жолы – 2017», «Дала қыраны – 2017», «Жауынгерлік бауырластық – 2017», «Мызғымас бауырластық – 2017», «Жауынгерлік достастық – 2017», «Түлкі аулау – 2017» іспетті бірқатар ауқымды халықаралық лаңкестікке қарсы және бітімгершілік оқу-жаттығуларға, оның ішінде, ҰҚШҰ-ның жедел ден қою Ұжымдық күштері әскери контингенттерінің құрамындағы «Өзара іс-қимыл – 2017», сондай-ақ, ШЫҰ мүше мемлекеттері Қарулы Күштерінің «Бейбіт миссия – 2017» оқу-жаттығуына қатысады. Ауқымды бірлескен практикалық жаттығулардың өткізілетін орны Қазақстан, Ресей, Армения және Қытайдың әскреи полигондары болмақ.

Әскерлердің жедел даярлығы шеңберінде жауынгерлік әзірлік бойынша сабақтар, Қарулы Күштер түрлері, тектері және Қарулы Күштер өңірлік қолбасшылықтары басқару органдарының командалық-штабтық әскери ойындарға, сонымен қатар, «Қаратау – 2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуға қатысуы жоспарланған. Жауынгерлік даярлықта жеке құрамның атыс, дене, арнайы және мемлекеттік-құқықтық дайындығын жетілдіру жалғасын табады.

2017 жылы жұмылдыру даярлығы жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру бойынша жаттықтыруларды қамтитын болады. Алдағы жылдың маңызды оқиғаларының бірі еліміздің Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай Әскери парадтың өткізілуі, сондай-ақ, шілденің 29-ы мен тамыздың 12-і аралығында жоспарланған Армия халықаралық ойындары – 2017 аясында әскери қызметшілердің жауынгерлік оқуының сайысқа түсу пішімінің тәжірибесін жалғастыру және сапалы тұрғыда кеңейту болмақ. Алда болатын армия ойындарының бағдарламасына 27 байқау енгізіледі. Оның 4-еуі пішімі мен қатысушылары бойынша тың жаңа.

Бұл ӘАИ инспекторлары арасындағы «Жол патрулі», «ҰҰА экипаждарының сайыстары», ТМД қатысушы мемлекеттерінің әскери қызметшілерінің әскери-кәсіби шеберлігінің «Достастық жауынгері» байқауы және әскреи полиция әскери қызметшілері арасындағы «Тәртіп сақшысы» сайысы. «Мерген шебі», «Артиллериялық оқ ату шеберлері», және «ҰҰА экипаждарының сайысы» атты үш халықаралық байқау Қазақстан аумағында өтетіні есте қаларлық болады. Жауынгерлік даярлықтың жекелеген тапсырмалары ҚР ҚК әрбір әскер түрінің алдында тұрғанын айта кеткен жөн.

Құрлық әскерлерінде заманауи соғыс пен қарулы шиеленістердің сипатына сәйкес әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін арттыру бойынша жұмыс өз жалғасын табады. Әуе қорғанысы күштерінде жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейін ұстап тұруға, кәсіпқойлықты арттыруға, күндіз және түнде қарапайым және күрделі метеожағдайларда пилотаждау техникасының ұшу құрамын жетілдіруге назар аударылады. Әскери-теңіз күштерінде корабльдердің жауынгерлік кезекшілігін, жоғары тұрған әскери басқару органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру. Өткен оқу жылында Қарулы Күштер құрамалары мен әскери бөлімдерінің жеке құрамы далалық, ұшу және теңіз дағдысын шыңдай отырып, кәсіби шеберліктің өсуінің оң динамикасын көрсеткенін айта кеткен жөн. 


 

Барлық жаңалықтар