• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысының Жантеке ауылында 80-ге жуық бүлдіршін жаңа балабақшаға баратын болады (ФОТО)

Ақмола облысының Жантеке ауылында 80-ге жуық бүлдіршін жаңа балабақшаға баратын болады (ФОТО)

3 Желтоқсан, 2016 14:32
Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Жантеке ауылында 80 орынға арналған балабақша пайдалануға берілді.

Мектепке дейінгі мекеме мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту шеңберінде салынды, оның жобалық құны 107 млн теңгенi құрайды. Ауыл тұрғындары үшін 30-дан астам жұмыс орны ашылды, деп хабарлады өңір әкімдігі.

Облыс әкiмi Сергей Кулагин жиналған ауыл тұрғындарын Тәуелсiздiктiң 25 жылдығы мерекесiмен құттықтап, елдi мекендерде мемлекеттiк-жеке меншік әрiптестiк саласын дамыту Елбасымыздың алдымызға қойып отырған басты тапсырмаларының бiрi екенiн атап өтті.

Балабақша барлық қажетті жабдықпен жарақтандырылған, мұнда балалардың келуі мен дамуы үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған.

 

Барлық жаңалықтар