- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ЭКСПО көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ туралы қойылым өтеді
Астанада ЭКСПО көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ туралы қойылым өтеді
1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүние жүзілік «ЭКСПО» көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ тағдырына арналған туындының табиғатында тобыр мен тұлғаның, өмір мен өнердің, аманат пен қиянат ұғымдарының қақтығысы бедер алады. Кейіс дүниеден береке таппаған Әміренің – Ән-Әміреге айналып өнер көгінен үн қатқаны баяндалады, деп хабарлады Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы.
Спектакльдің бас кейіпкері «Әміре» бейнесін театр артистері Қасымхан Бұғыбай мен Асылбек Қапаевтың сомдауында тамашалай аласыздар.
Пьеса авторы – жазушы, драматург Рахымжан Отарбаев. Спектакльдің қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Нұрлан Жұманиязов. Спектакльдің бас суретшісі – Берік Бурбаев. Хормейстері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Амантай Жұмашев.
Бұл драматург Р.Отарбаев пен режиссер Н. Жұманиязовтың Қаллеки сахнасындағы бірлескен екінші жұмыстары болмақ. Бұған дейін «Нашақорлар жайлы новелла» пьесасының желісі бойынша «Көлеңкесіз жолаушы» атты драманы дүниеге әкеліп, бүгінгі таңға дейін көрерменнің сүйікті қойылымдарына айналған еді. Енді алда «Әміре» драмасы жарық көрмек. Әміренің суреткерлік шеберлігі мен өміріндегі құпиялары жайындағы драматург Рахымжан Отарбаевтың туындысы, режиссер Нұрлан Жұманиязовтың қолтаңбасымен үйлесіп сахна атты киелі әлемге жол тартпақ.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты