• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақмола облысында мәдени-демалыс орталығы ашылды (ФОТО)

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақмола облысында мәдени-демалыс орталығы ашылды (ФОТО)

3 Желтоқсан, 2016 11:37
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Ақмола облысы Алакөл ауылдық округінің Полтавское ауылында мәдени-демалыс орталығы ашылды.

МЖӘ аясында орталық ғимаратының шатырын жөндеу, ішкі әрлеу, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді, терезе, есіктері салынып, қазандық салынды, құбыр өткізілді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен балаларға арналған алаң салынды.

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында осындай тамаша жобаның іске асырылғаны қуантады. Заманауи орталық барлық жастағы балалардың мәдени уақыт өткізетін сүйікті орнына айналатынына сенімдімін», – деп атап өтті облыс әкімі Сергей Кулагин салтанатты шара барысында.

Бұдан әрі облыс әкімі Егіндікөл ауылында орталық аудандық аурухана мен Мәдениет үйінде болды, деп хабарлады өңір әкімдігі.

Жұмыс сапарының соңында өңір басшысы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. 

Барлық жаңалықтар