Астанада Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тұсаукесері өтті

3 Желтоқсан, 2016 11:06
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Сыртқы саяси ведомство министрі Ерлан Ыдырысовтың және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы (АБҚО) басқармасының төрағасы Нұрлан Өтешевтің қатысуымен дипломатиялық корпус үшін брифинг өтті.

Іс-шара аясында шетелдік дипломаттарға еліміздің азаматтық қоғамын қолдау және дамыту жұмысында тұрақты әрі сенімді әріптес ретінде танылатын АБҚО қызметі туралы таныстырылды. АБҚО-ның жедел, стратегиялық және жобалық қызмет бойынша шешімдер қабылдауда тәуелсізділікке ие бола отырып, оның алдына қойылған мақсаттарды іске асыру үшін мемлекеттік және заңнамалық ресурсты жұмылдыру мүмкіндігі бар.  

«Біз пікірі ескерілетін халықаралық саясаттың танылған акторына айналдық. Қазақстан өзінің мемлекеттік шекараларын ресімдеді, егемендігін нығайтты, өзінің ішкі саяси және сыртқы саяси шешімдерін қабылдауда тәуелсізділікті қамтамасыз етті, экономиканың дамуы үшін негізді қамтамасыз етті. Осының барлығы біздің азаматтық қоғаммен білесе атқарған жұмысымыздың нәтижесі және Стратегия-2050 мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін оның көлемдерін ұлғайту қажет», - деп атап өтті Ерлан Ыдырысов.

Сондай-ақ министр Дипломатиялық корпустың назарын Қазақстандағы азаматтық қоғам жұмысының сапасына, оның ашықтығына, ең бастысы, ел дамуының болашағы үшін жауапкершілікке аудартты. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы осындай мақсатпен құрылған еді.

Қорытындылай келе, министр брифингке қатысушыларды әріптестік пен ынтымақтастыққа шақырды.

Барлық жаңалықтар